Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

07.06.2017
0

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 Д-О-2 санаты үшін: жоғары білім, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскерибасқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Д-О-3 санаты үшін: жоғары білім, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Д-О-4 санаты үшін: жоғары білім, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

Д-О-2

163 232  

220 697

Д-О-3

109 932

148 242

Д-О-4

83 282

112 430



«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1 үй, анықтама үшін телефондар: 8-7292-421300, 432776 e-mail: : n.sali@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Басқарма басшысының орынбасары, Д-О-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмыстарына басшылық жасау, қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама және талдау жасау, облыс әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Басқарманың негізгі қызметтерін үйлестіру, құрылымдық бөлімшелер мен жоғары тұрған органдармен байланыс жасау. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде туризм, индустриялды инновациялық дамуы жөнінде ақпараттық насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру.Тұрақтылықты қамтамасыз ету және реформаларды насихаттау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы органдармен саяси жоспарлау аясында үйлестіруді қамтамасыз ету; аймақтағы қоғамдық – саяси жағдайларға сараптама және талдау жасау. Тікелей ұйымдастыру – әкімшілік бөлімімен, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімдері бойынша басшылық жасау.

Облыс басшылығының тапсырмаларының орындалысына бақылау жасау, аудандық және қалалық ішкі саясат құрылымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, дінтану, теология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білімі (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

2. Басқарманың талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Өңірдегі өзекті мәселелер және оларды шешу бойынша ақпараттық материалдар дайындау. Қоғамдық-саяси өзгерістерге, олардың тенденциясына сараптама және қорытынды жасау, жүйелі түрде талдау жүргізіп, аналитикалық материалдар дайындау. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде туризм, индустриялды инновациялық дамуы жөнінде ақпараттық насихаттау бойынша ұсыныстар жасақтайды. Қоғамда әлеуметтік шиеленіс тудырмау және болдырмау мақсатында талдау және сараптама жасау. Қала, аудандардағы ішкі саясат саласындағы бөлімдерінің қызметкерлеріне ақпараттық әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың және бөлімнің қызметіне жататын семинарлар, тренингілер, дөңгелек үстелдер және өзге де шараларды өткізуді ұйымдастыру. Бөлімге басшылық ету және оның жұмысын тиімді жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, дінтану, теология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); құқық (құқықтану, халықаралық құқық). қызмет көрсету (туризм).

3. Басқарманың ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ішкі саясат жағдайларға жан-жақты зерттеу және талдау жасау, аймақтағы қоғамдық пікірдің жай-күйі, азаматтардың электоралдық жай-күйі, мемлекеттік органдардың жұмысы. Ішкі саяси жағдайларға байланысты аймақта мемлекеттік органдардың жұмысын стратегиялық, жедел, шұғыл және арнайы жоспарлау. Тақырыптық медия жоспарлар жасақтайды. ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау барысында Маңғыстау облысы ақпараттық насихаттау топтарының жұмысын орындау және орындалуына бақылау жасау. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде туризм, индустриялды инновациялық дамуы жөнінде ақпараттық насихаттау бойынша ұсыныстар жасақтайды. Қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама және талдау жасау. Облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық БАҚ-ның мемлекеттік тапсырыстың орындалуына бақылау жасау, іс-шаралар жобасына жасақтау, және ұйымдастыру, облыс әкімі жолдауын, сұхбат, мақалалар жобасын аналитикалық қамтамасыз ету. Ақпараттық материалдар дайындау, БАҚ-да ақпараттық акцияларды жоспарлау және өткізу, жергілікті және республикалық басылымдарға талдау жасау. БАҚ-ның ҚР Заңнамасының сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, дінтану, теология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (туризм).

4. Басқарманың саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік (2017 жылғы 6 тамызына дейін негізгі қызметшінің жүктілікке және бала тууға байланысты демалыста болуына орай уақытша бос).

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысын өткізу және аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіру. Үкіметтік емес ұйымдармен өз құзіреті негізінде байланыс орнату, қарым-қатынас жасау. Облыс әкімдігі жанындағы құрылған кеңестер мен комиссиялардың іс-құжаттарын дайындау, оның орындалысын бақылау. ҮЕҰ-дардың басшыларымен семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізуді ұйымдастыру. Қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынасты нығайту бағытында жұмыс жасайды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде туризм, индустриялды-инновациялық дамуы салаларын ақпараттық насихаттау. Гендерлік саясат саласында негізгі мәселелері бойынша сұрақтарды қамтамасыз етеді. Ұлтаралық және этносаралық келісімді нығайту мақсатында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. ЭМБ-мен қарым-қатынас жасайды. Салалық құзіретіне байланысты бөлімде іс қағаздарымен, құжаттармен жұмыс жүргізеді.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, дінтану, теология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (туризм).

5. Басқарманың ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аймақтағы өзекті мәселелер және оларды шешудегі билік қызметтері жөніндегі ақпараттық материалдарды (пресс-релиздер) дайындайды. Облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық БАҚ-ның мемлекеттік тапсырыстың орындалуына бақылау жасау, іс-шаралар жобасын жасақтау және ұйымдастыру, облыс әкімі жолдауын, мақалалар жобасын аналитикалық қамтамасыз ету.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде туризм, индустриялды инновациялық дамуы салаларын ақпараттық насихаттау

 Қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама және талдау жасау, аналитикалық материалдар дайындау. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау барысындағы Маңғыстау облысы ақпараттық насихаттау топтарының жұмысы туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігіне әр ай сайын мәлімет береді. Шетелдік БАҚ-ын есепке алады. БАҚ-ның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Хаттар мен азаматтардың арызын қарайды және қоғамдық ұйымдардың жоғарыда көрсетілген мәселелері бойынша, олардан қорытынды, анықтама, жауаптар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, дінтану, теология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (туризм).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Нысанның 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Нысанның 3-қосымшаға сәйкес толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішіндеМаңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.

Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.


әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info