Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

"Наурыз мейірі" акциясы басталды

07.04.2017
0

Өңірде "Наурыз мейірі" деген атаумен қайырымдылық акциясы басталды. Науқан 20-сы наурыздан бастап, 20-шы сәуірге дейін жалғасады. Мақсаты аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен басталған акцияның бүгін алғашқы кейіпкерлеріне көмек қолы созылды. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер табысталды.

Бұл сыйлықтар Татьяна Дашковскаяға арналады. 83 жастағы қарт ана  Маңғыстауға келгеніне 50 жыл болған. Ғұмырын медицина саласына арнаған. Тіс дәрігері болып, көптің дертіне шипа берген. Еңбегі еленіп, бүгін құрметке бөленді. Жомарт жандарға алғысын жеткізді.

Татьяна Дашковская - ардагер

Сіздерге үлкен рахмет. Наурыз мейрамдарыңыз құтты болсын! Мені елеп, көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Ауырмаңыздар.

Акция аясында 200-ден астам отбасыға көмек көрсету жоспарланған. Игі шараға меценаттар мен дәрігерлер де атсалысуда. Ақ халаттылар қан қысымын өлшеп,  дәрі-дәрмекті тегін берсе, кәсіпкерлер азық-түлік табыстады.

Надежда Кенжебекова - №1 Ақтау қалалық емханасының бас медбикесі

Біз экг аппараттарымен қан-тамырларының жол бойын тексеріп, қан ағзаларының ішіндегі қан диабетінің бар жоқтығын экспресс тестпен  тексеріп отырмыз. Сол бойынша медициналық көмек көрсетіп, үлес қосып отырмыз.

Амангүл Жайылханова - МО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Қазақта айтады ғой, "көп түкірсең көл" деп. Біздер жұмыла, барлық тұрғын болып қатыссақ, бір тұрғын болса да мәселесін шешуге тырысамыз.

Қайырымдылық акциясы 20 сәуірге дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар енді аудан, ауылдарды аралауды жоспарлап отыр.


Дереккөз: mangystautv.kz

әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/