Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

"Наурыз мейірі" Жаңаөзенде жалғасын тапты

07.04.2017
0

Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен аймақ бойынша «Наурыз мейірі» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Игі шара Жаңаөзенде жалғасты. Шаһардағы «Ауған соғысы ардагерлерінің» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық қоймасы арқылы «Халықтан халыққа» ұранымен жүз отыз бес мүжәлсіз отбасын киім-кешекпен қамтып отыр.

Бағила Нұраева екінші топтағы мүгедек. Зейнеткер бүгінде екі бірдей мүгедек баласын жалғыз өзі бағып отыр. Отбасы мүшелеріне қажетті киім  кешектерді үнемі қайырымдылық қоймасынан алады. Бүгін де немересімен келіп, маусымдық жұқа киімдер таңдап кетті.

Бағила Нұраева - Жаңаөзен қаласының тұрғыны

Облыс әкіміне , Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігіне рахмет. Жетімдерге, мүжәлсіз отбасыларға, мүгедектерге киім  кешек, тамақ беріп, ақшалай көмек көрсетіп жатқандарына мың алғыс.

Қоймада қала тұрғындары әкелген су жаңа және киілген аяқ  киім, көйлек, күртешелер мен тұрмыстық бұйымдар да табылады. Арнайы тіркеу журналы да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көбінесе мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық киім  кешектерге сұраныс жоғары екен.

Сәтбай Құлсариев - "Ауған соғысы ардагерлері" ҚБ төрағасы 

Біздің еліміз, біздің азаматтар қайыршылық сұрап жатқан ештеңесі жоқ. Бірақ біз көмектесуіміз керек. Міндеттіміз соған. Біз осы елдің азаматымыз.

Қалалық ардагерлер үйінде орналасқан қайырымдылық қоймасы жұмыс күндері кешкі алтыға дейін ашық болады. Қазір ауған ардагерлеріне ерікті жастардың көмегі қажет. Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің демекші, сіз де қадірлі ағайын «Наурыз мейірі» акциясына атсалысып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріңіздер.


Дереккөз: mangystautv.kz

әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/