Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

«Алтын қалам» байқауының ережесі

02.12.2016
0

Маңғыстау облысы әкімшілігінің сыйақысына арналған

бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында өтетін облыстық

«Алтын қалам» байқауының ережесі

I. Жалпы ереже

1.1. Байқау Маңғыстау облысының журналистері арасында өткізіледі, республикалық БАҚ жеке тілшілері, баспасөз-қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен тәуелсіз электронды БАҚ интерент-сайттары, жеке материал авторлары (штаттан тыс тілшілер) қатыса алады. Аймағымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған ең үздік ақпаратпен қамтамасыз еткен БАҚ өкілдері марапатталатын болады.   

1.2. Байқау үйлесірушісі және ұйымдастырушысы «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі (ары қарай МОАА ЗТБ), Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен. 

II. Байқау мақсаты міндеттері:

2.1. Байқау мақсаты – аймағымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім сұрақтарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған ең үздік  жұмыстарды анықтау.

2.2. Байқау міндеттері келесілер:

a)  облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жариялауға журналистердің назарын көптеп аудару;

b)  жас журналистердің әлеуметтік жауапкершілігі мен патриоттық позициясын қалыптастыруға ықпал ету;

c)  облыс тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалары жайлы көбірек хабардар ету;

d)  аймақтық журналистиканы дамыту, журналистердің кәсіптік-шығармашылық деңгейін арттыру бойынша жұмыстар атқару;

e)  қоғамдағы ынтымақтастық пен қазақстандық патриотизмнің, мәдениеттің дамуына ықпал ету.

III. Байқауды ұйымдастыру

3.1. Байқау нақты ереженің жарияланған күнінен бастап жүргізіледі.

3.2. 2016 жылдың 15 тамыз бен 15 қараша аралығында қазақ және орыл тілдерінде баспа және электрондық БАҚ, телевизиалық бағдарламалар, сюжеттерде шыққан журналистердің авторлық жұмыстары қабылданады.

3.3. Телевизиалық бағдарламалар, сюжеттер, радио бағдарламалар байқау шартына сәйкес CD/DVD-дискілерінде қабылданады, баспа жұмыстары альбом түрінде газет жарияланымдар (көшірмесі, скриншот, сілтеме, материалдың атауы жазылған, баспаның, радио немесе телеэфирдің шығу күні мен нөмірі көрсетілген) файл құжаттары түрінде қабылданатын болады.

3.4. Әрбір үміткер байқауға қатысу үшін сұраныс рәсімдейді, сұранысқа БАҚ атауын, журналистің А.Т.Ж., электрондық поштасы, байланыс телефоны және жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

3.5. Сұраныстарын және байқауға қатысу жұмыстарын МОАА ЗТБ офисіне (6 ш/а., «Арман» жастар орталығы, тел/факс 8 /7292/ 60-01-26) 15 қараша сағат 16:00 дейін жеткізу қажет.

3.6. Байқау жұмыстары байқау аяқталғаннан кейін рецензияланбайды және қайтарылмайды

Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

Облыстық, қалалық, аудандық электрондық және баспа БАҚ журналистері арасында

1.  «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша арнайы жобалар жариялымдарының сериясы, видео – аудиоматериалдары, мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлттық жоспарының іске асырылуына арналған ең үздік жарияланымдар сериясы.  

2.  «Тәуелсіздік тағылымы — ұлт тарихы» - Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы, демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасуындағы Конституцияның рөлі мен маңызы, заңдық биліктің сәтті моделі ретіндегі - екі палаталы Парламенттің кеңінен насихатталуы, тәуелсіз соттар жүйесінің қалыптасуы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жарияланымдар, кәсіпкерлік идеясын дәріптеу, Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралы жайлы ең үздік жарияланымдар.

3.  «Менің елім — Мәңгілік ел» - ұлтаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік саясаттың жетістіктері, халықаралық диалог пен конфессияаралық келісім, қазақстандық патриотизм және  мемлекеттік тіл, діни экстремизм мен терроризмге қарсы-іс-әрекеттер, халықтар бірлігінің идеясын насихаттау, Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрі мен мәдениеті жайлы ең үздік жарияланымдар.  

4.  «Мемлекеттің басты капиталы — білімді жастар» - білім сапасы, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, білім саласындағы жаңа реформа, балалардың әлеуметтік бағытталуындағы мектептердің рөлі, инбаттылық тәрбие жайлы ең үздік жарияланымдар. 

5.  «Ауылым- алтын бесігім» - ауылшаруашылығының және агроөнеркәсіп саласының дамуы, «Агробизнес 2020»бағдарламасының жүзеге асырылуына бағышталғанең үздік жарияланымдар.   

6.  «Дені cay ұлт — ел болашағы» - денсаулық сақтау сұрақтары, 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық»мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, салауатты өмір салтының дәріптелуі, халықты жаппай спортқа баулу, медицина мамандағының престижін арттыру жайлы ең үздік жарияланымдар. 

7.  «Тұлға» - Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесін қосқан  ұлы тұлғалар жайлы ең үздік жарияланымдар.

8.  «Туған жерім — тірегім» - Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орындары, табиғи байлықтары, экологияның сақталуы жайлы видео, аудиосюжеттердің сериясы жайлы ең үздік жұмыстар.

9.  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» - мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері жайлы ең үздік жарияланымдар.

10.   «Экология» - экология тақырыбының сұрақтары,«Қақастан Экология - 2020»мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуыжайлы ең үздік жарияланымдар.

IV. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

Байқауға ұсынатын жұмыстар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

- жарияланатын ақпараттардың өзектілігі;

- материалдардың сапалы орындалуы;

- Тұрғындар арасында Маңғыстау облысының оң имиджін қалыптастыру, белсенді өмірлік позицияға баулу, қазақстандық патриотизмге бейімдеу.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қосымша ескеріледі:

- тақырыптың дәлелдемесі;

- материал мазмұнының нақтылығы, толықтығы, түсініктілігі;

- журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;

- жарияланатын тақырыптың ерекшелігі және талдануы;

- материалдарда инфографиканың қолданылуы;

- байқау тақырыптарына сәйкес Маңғыстау облысының қоғамдық ұйымдарының жұмысының  жариялануы;

Ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

V. Өткізілу тәртібі және қорытындысын шығару

1.  Байқау материалдарын қарау және номинациялар бойынша марапаттау үшін байқау комиссиясы жасақталатын болады.

2.  Байқау комиссиясының мүшелігіне мемлекеттік орган өкілдері, ардагер журналистер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері енетін болады.

3.  Байқау қорытындысы байқау комиссиясымен қарастырылады және бекітіледі. Номинацияны табыстау бойынша шешім байқау комиссиясының отырысында көпшіліктің дауыс беруі арқылы қабылданатын болады, кемінде байқау комиссиясы құрамының 2/3 қатысуымен. 

4.  Номинация бойынша лайықты үміткер болмаған жағдайда, байқау комиссиясы қаражатты басқа номинациялар арасында таратуға немесе ынталандыру сыйлықтарын беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

5.  Бір үміткер үш номинациядар артық номинацияға қатысуына тиым салынады.

6.  Байқауға байқау комиссиясының мүшесі қатыса алмайды. 

7.  Байқау қорытындысы 2016 жылдың 25 қарашасында жарияланатын болады.

8.  Байқау комиссиясы қосымша номинациялар құруға құқылы.

9.  Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы сыйақылармен, естелік сыйлықтарымен марапатталатын болады.  

10.Номинациялар бойынша дипломдар және бағалы сыйлықтарды табыстау салтанатты іс-шарада өткізілетін болады.

Байланыс үшін ақпарат

Қосымша ақпарат және сұрақтарыңыз бойынша жоба үйлестірушісі Амангелдиева Мөлдірге жүгіне аласыздар  87029815651, 600126, 600124

э-почта: gamo_aktau@mail.ru


әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/