Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Ардагерлер кеңесінің мүшелері

04.11.2016
0

Т.Ә.А.

Туған жылы

Лауазымы

Мекен-жайы, телефоны

Ақтау қаласы

1. 

Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы

28.04.1951

Ақтобе қаласында дүниеге келді. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі. бұрын «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ» компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс бөлімінің басшысы, «ҚазМұнайТеніз» акционерлік компаниясының логистика департаментінің директоры, «Құрманғазы Петролиум» компаниясының бас директордың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1968-1973 ж Қазақ политехникалық институының энергетика факультетін және «Электр станциялары мен қосалқы станциялар» мамандығын бітірді. 1988-1993 ж Қазақ политехникалық институтының мұнай-газ факультетін «Мұнай-газ кен орындарын дайындау және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып шықты.

Ақтау қ, 15 ш/а, 69 үй

Тел: 87017100281,

87777571737

2. 

Баужанова Ақмоншақ

24.09.1948

1948 ж Ақтөбе обл. Шалқар қаласында туылды. қоғам қайраткері Гурьев пед. Институтын , Қазақстанның менеджмент, экон. және болжау институтын бітірген, 1969-73 ж. Маңғыстау ауд. комсомол к-тінде хатшы, ауд. партия к-ті саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1973-90 ж. ауд. партия к-тінде хатшы, 1990-92 ж. обл. халық депутаттары кеңесінде жетекші маман, 1990-92 ж обл, әкімш-тің әлеум. қоршаған орта мен ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдан обл. тұрғындарды әлеум. қамсыздандыру бас басқармасының басшысы. «Құрмет» орденімен марапатталған. 

Ақтау қаласы

15ш/а-6в

тел:436844

87013695781

3. 

Керелбаев Сайын

Түпқараған ауданы, Тұщықұдық ауылында 1942 жылы дүниеге келген.

1959 жылы Тұщықұдық ауылындағы орта мектепті бітіріп, 2 жыл құрылысшы болып жұмыс жасаған.

1961 жылы Алматы медициналық институтының емдеу факультетіне түсіп, 1967 жылы бітіргеннен кейін Бозашыда 6 колхозды қамтитын Тұщықұдық ауруханасына бас дәрігер болып тағайындалған.

1976 жылы Тұщықұдық ауруханасы Маңғыстау облысының «Үздік озық тәжірибе» тарату учаскелік ауруханасы болып белгіленді.

1978 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталды.

1983 жылы «Қазақ ССР Жоғары советі Президиуымының» жарлығымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері» атағы берілді.

2000 жылы «Облыстың үздік дәрігері», 2003 жылы «Республиканың үздік дәрігері» атағы берілді.

2006 жылы облыс әкімінің «Жыл адамы» номинациясын жеңіп алды. 2007 жылы «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

2008 жылы ТМД елдерінің «Үздік дәрігері» атағы берілді. 2010 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2010 жылы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жоғарғы категорияға шектеусіздік сертификаты берілді.

2012 жылдан бері Сайын Шапағатов селолық округінің дәрігерлік амбулаториясында қызмет атқарып, жас әріптестеріне өзінің іс тәжірибесін үйретуде. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.

4. 

Өтеулиев Оразғали

Білім саласының ардагері, Маңғыстау ауданы ІV шығарылымының депутаты, 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

87015922900

5. 

Жариев Нағашыбай

Маңғыстау облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ішкі істер органдарында 35 жылдам астам уақыт қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы ІІД жанындағы полиция қызметін бақылау бойынша Қоғамдық кеңес төрағасының қызметінде болып, қоғамдық кеңес қызметінің жұмыстарын одан әрі жандандыру және құқық қорғау қызметі саласы мен халық арасындағы байланысты дамыту мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың ролін арттыру келіссөздерін жүргізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Маңғыстау облысы ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органының төрағасы болып тағайындалды. Қызметтік жұмыста қол жеткізген жетістіктері мен оң нәтижелері үшін Ішкі істер министрлігі, Маңғыстау облысы ІІД басшылығымен бірнеше рет марапатталған, оның ішінде: «Ветеран подразделений особого риска», «Батыр шапағаты», «Ветеран милиции», «Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін», «ҚР ІІО-ның ардагері», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.

87053771188

6. 

Қаржаубаев Жаңабай

07.11.1938

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ардагерлер ұйымының» Ақтау қалалық филиалының төрағасы.КСРО-ның үздік дәрігері, ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері болған. Маңғыстау облыстық медтехника басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық стоматология емханасының бас дәрігері қызметерін атқарған. «Шапағат» медалімен марапатталған.

Ақтау қаласы

12ш/а-45үй

тел:420215

87021321900

7. 

Кенджикарев Базарбай Джумаевич

20.08.1948

«Ардагерлер ұйымы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының орынбасары. Түркменстан Мары облысында дүниеге келген.

42-01-31, 30-36-05, 8701-9940472

8. 

Жанжігітов

Талап Жанжігітұлы

10.01.1938

Маңғыстау ауданы, Жиделі ауылында туылған. 1958 ж мектеп бітіріп, Ақтөбе сауда техникумын бітірген.  1960 ж Самарқант қаласында сауда институтын сыртай бітірген.  Отбасын құрған. 5 ұл, 4 қызды тәрбиелеген. 1990-1995ж «Орыс мұнай газ құрылыс»  ЖШС директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ардагерлер ұйымының» Ақтау қалалық филиалының төрағасының орынбасары.

Ақтау қаласы

26-22-71

тел:8-701-174-35-68

42-02-32

Жаңаөзенқаласы

9. 

Бекмағамбетов Қуандық Төрешұлы

20.12.1944

«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық кеңесі төрағасы.Туркменистан Республикасының бұрынғы Красноводск (қазіргі Туркменбашы) ауданында, Қошаба елді мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы сол жердегі 7 жылдық мектепті бітіріп, Красноводск қаласында №3 қазақ орта мектебінің 8 сыныбын бітіріп, медицина училищесіне түскен. 1963 жылы учелищені бітіріп фельдшерлік мамандықта, Қазаншық ауданындағы ақ-кую елді мекенінде фельдшер-акушерлік пунктің меңгерушісі болып, 1964 жылдың ноябрь айына дейін атқарып, Совет Армиясының қатарына алынды. Өз мамандығы бойынша қызмет етіп 1967 жылы армия қатарынан гвардия аға сержанты шенінде елге оралды. 1974 жылы сырттай Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазПи-дің география факултетін бітірді.

 Наградаларым: 1. «Ұлы отан соғысының жеңісіне 20 жыл» юбилей медалы-1965ж берілді.2. «Еңбек ардагері» медалі-1989ж 3. «Оқу ісінің үздігі» төстік белгі-1992ж. 4. Маңғыстау облысына 35 жыл естелік төстік белгісі-2008ж 5. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Жанұясында 3 баласы бар.

Теңге ауылы  Ж. Мыңбаев көшесі №12 үй. Сот: 87011441267

10. 

Бексары Ізбас

[img width="105" height="130" src="file:///C:/Users/IMS2~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image020.jpg" alt="9E4DEE8A" v:shapes="Рисунок_x0020_27">

Түрікменстанның Красноводск облысының Красноводск ауданында дүниеге келген. 1954 ж 1 қыркүйекте осы ауданның Қулы-Маяк кентіндегі жетіжылдық мектептің 1 сыныбына барды. 1961-1965 ж аралығында Красноводск қаласындағы №3 орта мектепте оқып, жалпы орта білім алды. Еңбек жолын 1965 ж 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының Ералиев кентінде АТК-2 мекемесінде автожүктегіш жүргізушісі болып бастады.

Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ ш/а, 11 үй.

тел: 32005,

87016666344

11. 

Айтжанов Жанәділ

06.01.1941

Тәжік Республи-касы, Колхозабад ауданында қарапайым отбасында туған. Сондағы мектепте оқып, ор-та білім алған. 1957 жылы Но-вобад зоотехникалық мал дәрі-герлік техникумына түсіп 1961 жылы қызыл дипломмен аяқта-ған. 1963 жылы Қазақстан Республикасы, Шымкент облысы, Жетісай  ауданына қоныс аударып, 1973 Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген.Жалпы еңбек өтілі 40 жыл. Мақтаарал ауданы «Қоға-лы» қаракөл-қой совхозының бас мал дәрігері болып жұмыс жасаған.Жанұясында зайыбы Айтжанова Еркегүл екеуі 5 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген. Қазір барлығы да Маңғыстау об-лысында тұрады. Әрқайсысы бір-бір қызметтің иелері. Олардан 40-қа жуық немере, 10 шақты шөбере сүйіп отырған үлгілі жанұя санатында.Жанәділ Айтжанов Маңғыстау облысына 2000 жылы қоныс аударған. Содан бері Жаңаөзен қаласының тұрғы-ны, зейнеткер.2013 жылы Рахат кенті құрылғаннан бері сондағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып сай-ланды.

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Балауса көшесі, 21 үй

тел:87784669441

12. 

Али

Жақсылық

1958 жылы

Теңге ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Түркменстанда туылды. 1965 жылы мектепке барып, 1975 жылы мектеп бітірді. Сол жылы Ашхабат қаласында КСРО арнайы тергеу мамандығын заңгер, 1980 жылы оқуды бітіріп, 1989 жылға дейін. 1989 жылы Алматы қаласы Абай атындағы педогогикалық университетінің сырттай оқыды. 1994 облыс маслихатының депутаты болған. Ішкі істер бөлімінде тергеуші болып жұмыс жасады. Жаңаөзен қаласында ішкі істер бөлімінде №63 колонияда шаруашылық бөлімінде жұмыс жасады. 1989 жылы 1999 жылға дейін Жаңаөзен қаласы телехабарлар тарату орталығының бастығы болып жұмыс жасады. 1999 жылдан 2009 жылға дейін жеке кәсіппен айналысты.

Теңге аулының тұрғыны

13. 

Айдаров  Асылбек Сүйеуханұлы

1940 жылы

Жаңаөзен қаласы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесі төрағасы. Гурьев  (Атырау)  облысының  Ералиев  ( Құрық)  кентінде  балықшы  шаруа  отбасында  туған.  Қазақтың  Мемлекеттік  Ұлттық  университетінің  филология  факультетін  және  Марксизм -  Ленинизм  университетін  бітірген  жоғары  саяси  білімді  азамат. 2010  жылдың  ақпан  айынан  бастап  зейнеткер, Жаңаөзен  қаласы  әкімі  жанындағы  қалалық  Ардагерлер  Кеңесінің  төрағасы. КСРО  және  Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі,  ҚР  халық  ағарту  ісінің  үздігі, Ералиев,  Өзен  кентінің  және  Жаңаөзен  қалалық  Кеңесі  мен  Маңғыстау  облыстық  Мәслихатының  депутаттығына  сайланған.  Жаңаөзен  қаласының  құрметті  азаматы. Еңбек  жолын  балықшы, құрылысшы  болып  бастап,  мектептерде  мұғалім,  мектеп  директоры  қызметтерін  атқарған. Өзен  аудандық  «Жаңарған  Маңғыстау» газеті  редакторының  орынбасары, қалалық  халыққа  білім  беру  бөлімінің  инспекторы,  облыстық  «Коммунистік  жол»  газетінің  меншікті  тілшісі  болып  еңбек  етті.  Жаңаөзен  қалалық  партия  комитетінің  үгіт  насихат  және  қалалық  халыққа  білім  беру  бөлімдерінің  меңгерушісі,  қалалық  «Жаңаөзен» газетінің  бас  редакторы  қызметтерін  атқарған. «Ауылға  Сүгір  келді  деп...» және  «Мен  Есенғали  Шайырың» атты  кітаптарды  құрастырушы,  « Жаңаөзен –мұнайшылар  астанасы», « Жаңарған  Жаңаөзен»  , « Өткен  күннің  белгілері», « Қарашаңырақ  Қызылсай», « Қуанғали  Сарбөпеұлы»  атты  кітаптардың  авторы. Ол  «Құрмет  белгісі» ордені, « Еңбек  ардагері», «Ерен  еңбегі  үшін», В.И.Лениннің  100  жылдығы  юбилейлік  және  Қазақстан  Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы, Қазақстан  Конституциясының  10  жылдығы,  «Астанаға  10  жыл»  мерекелік  медальдарымен,  «Өзен  мұнай  кенорнына  40  жыл» белгісімен,  екі  рет  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Алғыс  хатымен  марапатталған. «Қазақстанның  құрметті  журналисі» атағына  ие  болған. Қазақстан  Республикасы  Журналистер  Одағының  дипломанты, Қазақстан Республикасы  Ақпарат  және  Мәдениет  Министрлігінің  Құрмет  Грамоталарымен,  Маңғыстау  облысы  және  Жаңаөзен  қаласы  әкімдігінің  Құрмет  Грамоталары  мен  Алғыс  хаттарының  иегері.

«Арай» ш.а.,  Н.Қайырова көшесі 16 үй. ү/т: 51319

14. 

Көңілімқосұлы Жақсылық

27.01.1942

Қызылсай ауылы ардагерлер кеңесі төрағасы.  Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Ақтөбе ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, кәсіптік училищені бітіріп, мұнайшы мамандығын алады. 1962-1965 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтейді. Атырау ауыл шаруашылық техникумның сырттай бөліміне түскен. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің алғыстау марапатына- қызыл туының жеңімпазы болды. Тәуелсіз мемлекет болған кезеңнен бері туған өлке тарихына көбірек түңіліп, ойына түйгендерін аудандық «Жаңа өмір», облыстық «Маңғыстау», қалалық «Жаңаөзен» газеттеріне үзбей жариялап келеді. «бабанама-баршаға» деген бәйгеге үзбей қатысып, тарихы мен ру жіктеріне, сондай-ақ маңғыстауды мекендеген батыр тайпаның ержүрек батыр-баһадүрлері мен атымдай-жомарттары, мыңды айдаған қайрымды байлары жайлы көптеген деректерді жинақтап, 300-ге жуық мақала очеректерін мерзімді баспасөз беттеріне шығарып тұрды. ҚР журналшылар одағының мүшесі «ұштаған - құтты мекенім» кітабын және «қарашаңырақ Қызылсай» атты көлемді кітабы 2011 жылы нұрлы әлем баспасынан бастырып шығарды. 1998 жылдан бері Қызылсай ауылында тұрады. Қызылсай ауылының Ақсақалдар алқасының төрағасы. 2011 жылдан бері Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі-хатшысы, ҚР Конституциясының 10 жылдық мерекелік медалімен, «Жаңаөзен қаласына 40 жыл» медалімен және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған. Жаңаөзен қаласы әкімінің, Қызылсай ауылы әкімінің, алғыс хаттарының иегері.

Қызылсай ауылы, Оңтүстік ауылы көшесі, 1 үй.

Бейнеу ауданы

15. 

Нәренбайұлы Жауғашты

11.07.1941

  Кеңес төрағасы. Атырау облысы, Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. Құлсары қаласындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, Гурьев пед-институына түсіп, 1965 жылы тәмамдаған. Сарықамыс поселкесінде мұғалім, директордың орынбасары қызметтерінде жұмыс жасаған. 1978 жылы Бейнеу аудандық оқу бөлімінде әдіскер, Абай орта мектебінің директоры, Бейнеу аудандық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, аудандық білім беру бөлімінің бастығы, аудандық «Рауан» газетінің редакторы лауазымдарында жұмыс жасаған. 2004 жылдан бері зейнеткерлікте. Елбасының алғыс хаттарымен марапатталған.

Сейфуллин 57,  2-63-71

Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі бойы, жұмыс тел:2-11-57, ұялы тел:87015349712

16. 

Азанов Шайхы Жанбайұлы

20.11.

Кеңес төрағасының орынбасары. Ходжелі қаласында дүниеге келген. 1974 жылы №491 теміржол орта мектебін бітіріп,  сол жылы Гурьев теміржол техникумының «автоматика және телемеханика» факультетіне оқуға түсіп, 1978 жылы техник-электрик мамандығын алып шыққан. 11-ші Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының Бейнеу бөлімшесіне 4 разряд электромонтер болып жұмысқа орналасқан. 1978 жылы әскерге аттанған. 1981 жылы электромеханик СЦБ, 1982 жылы рзд №2 ДС-механик, 1983-1984жж аға электромеханик болып жұмыс жасаған. 1994 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамотасымен, КСРО Армиясына 70 жыл, Ауғанстан Республикасының «Қайырымды ауған халқы» медалімен, Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл, Қазақстан Конституциясына 10 жыл, Кеңес Әскерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 15,20 және 25 жыл медальдарымен марапатталған. 2 баласы, 2 немересі бар.

87013997930

17. 

Хибасов Сахи

1941 жылы

Ташауыз облысында дүниеге келген. Ашхабад институтын аяқтаған. 1968-1973жж Үргеніш ауданында механик, бас  инженер, 1973-2001жж бас механик, «Ауылшаруашылық техника» бірлестігінде бас инженер, бірлестік бастығы қызметтерін атқарған. 1983ж КСРО ХШЖК-нің күміс медалімен марапатталған.

Бейнеу селосының тұрғыны

Оңғалбаев көшесі №13 үй

18. 

Көкшеев Сағызбай

27.06.1942

Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауыл советінде дүниеге келген. Тұщықұдық орта мектебін 1959 жылы аяқтаған. 1959-1969 жж колхозда мал шаруасында, автолклуб қызметінде жұмыстар атқарған. Қызылорда колхоз техникумының зоотехник мамандығын бітірген. 1969-1982 жж «Каменный» мен Ақжігіт селолық кеңесінің жауапты хатшысы, депутат қызметін де атқарған. 1982-1991жж Маңғыстау совхозының ферма, зоотехник мамандығында қызметтер атқарған. 2006 жылдан бері зейнеткерлікте.

Ақжігіт селосы

№86/2 пәтер.

Ұялы тел:

8777-703-43-25

19. 

Қайболдиев Сағынғали

Гурьев облысы, Жылой ауданы, Амангелді совхозында дүниеге келген. Атырау мұнай техникумын аяқтаған. 1959 жылы әскерге шақырылған. Одан 1962 жылы оралған. 1962-1970жылдары бұрғышы көмекшісі, 1970-1973 жылдары бұрғышы, 1973-1974 жылдары бұрғышы шебері, 1974-1979 жылдары бұраубай бастығы, 1979-1995 жылдары Бұраубай бастығы болған. 1995 жылдан бері зейнеткерлікте. 1982 ж «Слава III дәрежелі» орденімен марапатталған.

Есет селосының тұрғыны

20. 

Қараев Сайлаубай

09.03.1940

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауыл советінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Гурьев педагогикалық мемлекеттік институтын 1972 жылы тәмамдаған. Білім министрлігінің «Құрмет грамотасы», Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» марапатталған. 1964-1965жж Амангелді атындағы сегіз жылдық мектепте мұғалім, 1965-1972жж Сам орта мектебінде мұғалім, 1972-1981 жж Сам орта мектебі жанындағы интернат меңгерушісі, 1981 -1997 жж Сам орта мектебінің директоры т.б қызметтерде болған. Қазіргі таңда зейнеткер.

Тұрыш селосының тұрғыны

21. 

Қожбанов Адай

14.09.1949

Маңғыстау облысы Куйбышев ауыл советінде дүниеге келген. Білімі орта. Бейнеу ауданының «Маңғыстау» кеңшарында 1967-1973 жылдары, «Сам» кеңшарында 1973-1995 жылдар аралығында механизатор болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда зейнетке шыққан.

Ноғайты селосының тұрғыны

22. 

Оспанов Сәдір

27.12.1940

Маңғыстау облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтын тәмамдаған. 1965-1982 жылдары Маңғыстау ауданы «Чапаев», «Ленин» колхоздарында механик, бас инженер, Бейнеу ауданы «Маңғыстау», «Сам» совхоздарында меңгеруші, бас инженер, 1982-1986 жылдары Бейнеу ауданы «Маңғыстау» совхозында бас экономист, 1986-1988 жылдары «Комсомол» совхозында бас экономист, 1988-1994 жылдары Бейнеу ауданы «Сам» совхозында бас экономист, 1994-1996 жылдары Бейнеу ауданы «Сам» совхозында бас экономист, 1996-2003 жылдары Бейнеу ауданы «Көшербай» шаруа қожалығының басшысы қызметтерінде болған. 2003 жылдан бері зейнеткер.

Сарға селосының тұрғыны

Д.Тәжіұлы №24, 23-3-24

23. 

Байманова Әсем

10.01.1954

Тұрыш селосында дүниеге келген. Сам сегізжылдық орта мектебін 1968 жылы бітірген. Гурьев қаласындағы мед.училищесіне түсіп, 1973 жылы тәмамдады. 1973 жылы-Ақжігіт ауруханасында медбике болып ұзақ жылдар бойы  қызмет атқарған. 2011 жылдан бері зейнеткерлікте. Жолдасы, 5 баласы, 7 немересі бар.

Тәжен селосының тұрғыны

тел:87716791964

24. 

Жарылғапов Жұмаберген

19.07.1946

Жылой ауданы, Қамыскөл ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Қосшағыл поселкесінде Лермонтов орта мектебін бітірген. Коммунизм таңы атындағы Аманкелді орта мектебін 1965 жылы аяқтаған. 1967жылы Алматыдағы ауылшаруашылық институтына түсіп, 1975 жылы тәмамдаған. 1971жылы Қарақұм совхозында бухгалтер көмекшісі болып жұмыс жасаған. 1978-1982 жылдар аралығында Сам совхозында экономист, 1982 жылы Қарақұм совхозында провком, 1988 жылы қарақұм совхозында бухгалтер қызметтерінде болған. 2009 жылдан бері зейнеткерлікке шыққан. 

Боранқұл селосының тұрғыны

5 аул, үй телефоны:

31-5-75

25. 

Есентурлиев Оңайбай

18.05.1945

Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Тұщықұдық орта мектебін тәмамдап, осы жылы Гурьев қаласындағы педагогикалық институтына түсіп, 1967 жылы физика пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан.  Еңбек жолын алғаш Жаңаөзен қаласындағы №5 мектепте мұғалім болып бастаған. 1968 жылы Каменный селосында мұғалім, директор орынбасары,көп жылдар бойы директор қызметтерінде болған.  1993 жылы село Каменный селосының әкімі қызметінен 2008 жылға дейін жасап, зейнеткерлікке шыққан. Облыс әкімінің, облыстық білім департаментінің, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. 6 баласы, немере, шөбере сүйіп отыр.

Төлеп селосының тұрғыны

Тұрманбет №36 үй. 

тел:87053441634

26. 

Есбергенов Айым

01.05.1927

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, шайыр ауыл советінде дүниеге келген.  1943 жылы шайыр орта мектебін бітірген. «1941-1945жж ҰОС тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен  1948 ж марапатталды. 1943-1947жж Маңғыстау ауданы «Жаңалық» совхозының есепшісі, 1947-1952жж әскер қатарында болған. 1952-1969жж Маңғыстау ауданы «Правда» совхозының ферма меңгерушісі, 1969-1984 жж Бейнеу ауданы Сыңғырлау кеңшарының прорабы, 1984-1987 жж – Сыңғырлау совхозының құрылыс бухгалтері қызметтерінде болған. 1987 жылдан бері зейнеткерлікте.

Сыңғырлау селосының тұрғыны

27. 

Байсейтов Аманкелді Қазиханұлы

03.06.1959

Ресейдің Киров облысы, Просныца селосында дүниеге келген. 1960 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында дүниеге келген. Содан, Бейнеу ауданы, Сам селосына қоныс аударған. Амангелді орта мектебін бітірген. 1978-1980 жылдары Совет Армиясының қатарына алынып, Қазақстанның Дзирженскь қаласында әскери борышын өтеген. Маңғыстау совхозы, Сыңғырлау совхоздарында әр түрлі маусымдық жұмыстарда болған. 1982-1984жж Амангелді орта мектебінде жүргізуші,  1984 жылдан күні бүгінге дейін Маңғыстау су барлау экспедициясы мекемесінде Сам құмының жер асты су қалыбын өлшейтін бақылаушы болып жұмыс жасаған. 4 баласы, 3 немересі бар.

Сам селосының тұрғыны

Түпқараған ауданы

28. 

Кузембаев Амангали Жумашович

01.04.1948

Форт-Шевченко қаласында теңізшінің отбасында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы орта мектепті 1966 жылы бітіреді. Алғашқы еңбек жолын 1966-1968 жылдары Баутино балық консерві комбинатына кеме механигінің көмекшісі болып қызмет атқарады. 1968-1971 жылдары Гурьев атындағы теңіз балық өнімдерінің өнеркәсіп техникумының технологиялық факультетін тәмамдайды. 1975-1980 жылдары Халық шаруашылық атындағы Алматы институтының өнеркәсіптік жоспарлау факультетін бітірген. 1971 жылдың сәуір айынан 1971 жылдың шілде айына дейін балық комбинатының зертханасында лаборант болып жұмыс жасаған. 1971-1974 жылдары «Гурьеврыбхолодфлота» инженер-технолог болып, 1974-1975 жылдары «Мангышлак рыбхолодфлот» басқарма комсомол комитетінің хатшысы болған. 1975-1981 жылдары Өндірістік бөлімінің орынбасары және өнеркәсіптік өңдеу зауытының кадрлық менеджері болып жұмыс жасаған. 1981-1982 жылдары қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып бекітілген. 1982-1985 жылдары «Мангышлакрыбхолодфлот» басқармасының  бас технолог-тәлімгері, кадр бөлімінің бастығы  болған. 1985 жылдың қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін «Урал Каспий рыб воде» балық қорғау инспекциясының Форт-Шевченко участкісінің инспекторы; 1985-1987 жылдары «Госкомнефтипродукт» Баутин мұнай базасының директоры, 1987-1990 жылдары облыстық тұтынушы одақтың балық коопарациясының басқару төрағасына сайланды. 1990-1991 жылдары Форт-Шевченко қаласының халықтық бақылау комитетнің төрағасы; 1991-1992 жылдары Халық депутаттары қалалық кеңес атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. 1992-1996 жылдары «Ақтас» АҚ директоры болған, 1996-2001 жылдары Түпқараған аудандық тұтынушы кооперативінің төрағасы болып сайланды. 2001-2002 жылдары «Береке» ЖШС директоры қызметінде атқарған. 2002-2005 жылдары «Каспийнефтемонтаж»  ААҚ Форт-Шевченко қаласындағы филиалы және 2006-2010 жылдары «Энка Иншаат ве Санаи А.Ш.» Атырау филиалының мемлекеттік мекемелер және қоғам арасындағы байланыс кеңесшісі болып қызмет атқарған.

2015 жылдан бастап Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс атқарып келеді.

Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Форт-Шевченко қаласы, тел: 8778 571 76 76

29. 

Боқан  Таңғұлов

27.05.1938

Форт-Шевченко қаласында туған. С.М.Киров атындағы орта мектепті 1956 жылы бітіреді. 1961 жылы Қызылорда қаласының Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының физика және математика факультетін тәмамдайды.Алғашқы еңбек жолын өзі оқыған С.М.Киров атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастайды. Мектепте мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып 12 жыл жұмыс жасайды. 1973 жылдың 28 сәуірінен еңбекшілер депутаттары Форт-Шевченко қалалық Совет атқару комитетінің секретары, Маңғыстау балық тоңазыту басқармасы базалық комитеті төрағасының орынбасары, қалалық оқу бөлімінің оқыту, еңбекке тәрбиелеу, оқушыларға кәсіби мамандық беру инспекторы, 1984-85 жылдарда В.И.Ленин атындағы қазақтың политехникалық институтының Ақтау қаласындағы филиалы физика-химия кафедрасының аға оқытушысы, 1986-87 жылдарда Алматы қаласындағы Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институты еңбек тәрбиесі методисі, 1987-91 жылдарда Форт-Шевченко қалалық білім бөлімінің методисі, инспекторы, 1991 жылдан 1997 жылдың 10 маусымына дейін Форт-Шевченко қалалық Кеңес ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, қалалық тілдер комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі, Гурьев медициналық училищесі Форт-Шевченко қаласындағы филиалының меңгерушісі  қызметтерін атқарды. 2002 жылдан аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы қоғамдық жұмысын атқарып келеді. Маңғыстау облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі. 1997 жылдан зейнеткер. 1973-76 жылдары Форт-Шевченко қалалық Советінің депутаты, қалалық Советтің және қалалық білім бөлімі бастауыш партия ұйымының хатшысы, Гурьев облыстық XXV партия конференциясының делегаты болды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Украинаның неміс фашистерінен азат етілгеніне 60 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары мен «Маңғыстау облысының құрылғанына 35 жыл» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Түпқараған ауданының Құрметті азаматы.

Форт-Шевченко қаласы, тел: 22255

30. 

Бекбосинов Нургожа

1938 жылы

Түпқараған ауданы, Қызылөзен жерінде дүниеге келген. Жоғары білімді, ауыл шаруашылық маманы. 1956 жылы орта мектепті Форт-Шевченко қаласында бітірген соң, 1962 жылға дейін бұрынғы «Шевченко» балық колхозында балықшы болып жұмыс істеген. Осы кезеңде колхозда комсомол комитетінің хатшысы болып, сол кездегі өмір талабына сай елдің саяси және мәдени өміріне белсене араласып, шебер ұйымдастырушы, өнерлі жас ретінде ауыл мәдениетін көтеруде елеулі істер атқарған. 1962-1971 жылдар Қызылөзен ауылында мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет істеген. 1971-1973 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының «Зоотехник» мамандығын бітіргеннен кейін фермада зоотехник болып жұмыс істеді. 1973-1977 жылдар аралығында Ақшұқыр совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

1977-1979 жылдарда ферма меңгерушісі болған. 1980-1983 жылдарда Ақшұқыр совхозында бас селекционер зоотехнигі болды. 1984-1987 жылдарда Түпқараған совхозының жұмысшылар комитетінің төрағасы болып жасады. 1987-1993 жылдар аралығында товоровед жұмысын жасап, мал өнімдерін, қаракөл елтірісін, жүн өнімдерін дайындап, оны жеткізумен айналысты. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында техника, адам күштерімен барып, мал азығын совхозға жеткізген. Еңбек еткен уақыттарында еңбегі жоғары бағаланып Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Отбасы туралы «Қазақстан әйелдері» журналының 2006 жылғы №2 санында «Жапырағын жайған бәйтерек» атты көлемді мақала жарияланды. Өңірдің дамуына қосқан еңбегі ескеріліп Маңғыстау облысының 35 жылдығы, Ақтау қаласының 40 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталды. Бүгінде зейнеткер, еңбек ардагері, Ақшұқыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ақшұқыр ауылы

31. 

Терекбай Икембай

03.06.1939

Маңғыстау ауданының Таушық ауылдық кеңесіне қарасты «Төбе құдық» деген жерде дүниеге келді. 1946 жылы Таушықтағы Шахта орта мектебінің бірінші класына оқуға барып, оны 1956 жылы бітірді.  Мектеп комсомол комитетінің секретары болды. Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік университетін 1962 жылы журналистика мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Еңбек жолын 1962 жылы Маңғыстау аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» газетінде 1963-1973 жылдары  бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редакторы болып қызмет атқарды. 1973-75 жылдары Маңғыстау аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, әрі аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық атқару комитетінің мүшесі болды. 1975-78-ші жылдары Маңғыстау аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс жасайды. 1978-80  жылдары Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, 1980-85 жылдары Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1988  жылға дейін Маңғышлақ облыстық партия комитетінің лекторлар тобының жетекшісі, 1988  жылдан 2009  жылға дейін Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» газетінде редактор болып қызмет істеген. Ұзақ жылдар бойы аудандық Советтің, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Тыңды игеруге 30 жыл, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстанның тұңғыш Президентінің, облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті журналисі, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы. «Өскен орда» кітабының авторы.

Түпқараған а.

С.Шапағатүлы аул

тел:87023106039

87014863703

32. 

Күшікбай Сағатов

1939 жылы

Форт-Шевченко ауданының «Путь к коммунизму» колхозы, Ащымұрын жерінде туған. 1958 жылы С.М.Киров орта мектебін бітірген. 1963 жылы Гурьев педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1967 жылы сырттай оқып бітіреді. Таушық, Ә.Жангелдин, Шахта мектептерінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етеді. 1958 жылдан бері үзбей қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Насихатшы, лектор болды. Поселкалық Советтің депутаты болып сайланды. 2006 жылдан бері Таушық ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қоғамдық жұмыс атқарып келеді.  Күшікбай Сағатов «Қазақ ССР оқу министрінің үздігі», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, бірнеше рет аудан әкімі мен облыстық, республикалық Ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен м-н

Таушық ауылы

33. 

Қанжанов Тәуірхан  Әбуханұлы

13.05.1943

1956 жылы  Т.Г. Шевченко 7 жылдық мектебін бітіргеннен кейін Баутиндегі  М.Горький мектебінде оқуын жалғастырып, 8  класты тамамдайды. Алдында  ғана бар өмірін теңізшілікке арнаған әкесі қайтыс болады да,  күнелтіс ауыртпалығы өзінің мойнына түскен  бозбала  14 жасқа толған соң  белін буып Базгослов (База государственный лов) мекемесіне «механиктің  оқушысы» болып жұмысқа кіреді.  Атақты жазушы  Әбу Сәрсенбаевтың  1960  жылдары Маңғыстау өлкесіне  келген  сапарынан жазылған  «Капитан ұлы» повесі , «Толқында туғандар» деген романындағы  «Болатханның» прототипі-жас теңізші  Тәуірхан  Қанжанов.

Мұнан кейін  Гурьевтен  2жыл механиктер даярлайтын оқуды бітірген Тәуірханның  бар өмірі теңізде өтті. Каспий теңізіндегі балық операцияларына қажетті  басқа жақтан  әкелінетін  кемелердің бірнешеуін зауыттан  қабылдап, Фортқа дейін жеткізу ісінде орыс тілінде  және кеме механигі ретінде орысша-қазақша  сауатты  Қанжанов Тәуірхан бірнеше рет іссапарға жіберіледі. 1968 жылы алғаш рет Татарстанның Железноводск қаласындағы М.Горький атындағы әскерилендірілген зауыттан  «Комсомольский» атты  РМС-ты (рыбоморозильная судно), 1981-1989 жылдар аралығында  Астрахань қаласынан  Тюлень-1,Тюлень-11  кемелерін абыроймен алып келеді.Тәуірхан Әбуханұлы  балық аулау кемелерінде бірнеше  жыл механик болып жұмыс жасап,итбалық аулау мен балық аулаудың жоспарын орындап тұрды. 1971 жылдың 28  апрелінде Маңғышлақ облыстық партия комитетінің  1 секретары  қолынан  омырауына «Еңбек Қызыл Ту» орденін тағады. Ардагер балықшы  56  жыл  талмастан бір  мекемеде механик болып  еңбек етті. 1991  жылы Баутиндегі кеме жөндеу заводының механика цехына мастер қызметінде болған Тәуірхан Қанжанов сол жерде  «Маңғышлақ балық тоңазыту флоты»  басқармасы (Мангышлакрыбхолодфлот) тарағанша қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққанмен, тәжірибелі балықшы ретінде жұмысқа шақырылып,облыста 2006 жылы  ашылған  «Маңғыстау балық аулау компаниясының»  құрамында  ата кәсібін жалғастырып, біраз жыл балық аулаумен шұғылданды.  Қанжанов Тәуірхан Әбуханұлы  «Еңбек Қызыл Ту» орденінің, бірнеше  мәрте  «Ветеран труда», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Маңғыстауға 35 жыл» төсбелгісінің иегері,  әр жылдарда  «За безавариную работу»  төсбелгілерімен бірге облыс әкімінің  Алғысымен, облыстық ауылшаруашылығы  басқармасының  Грамоталарымен  марапатталған.Әлі де сүйікті кәсібінен қол үзбей,балықшылықпен айналысатын  жеке кәсіпкерлердің  мекемесінде  кеме  жөндеу  жөніндегі  кеңесші-маман ретінде қызмет атқаруда.

Баутин ауылы, тел:24884

34. 

[img width="82" height="118" src="file:///C:/Users/IMS2~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image058.jpg" v:shapes="Рисунок_x0020_10">

Тулемағанбетов Нұрлыбай

25.02.1949

Гурьев облысы Маңғыстау облысы Жармыш аулында дүниеге келген. 1966-68 жылдары В.Чапаев атындағы ұжымшарда малшы, 1968 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1972 жылы бітірді. Сол  жылы Форт-Шевченко қаласының Баутин елді мекенінде Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1980-1988 жылдар аралығында аудандық, ауылдық атқарушы комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. 1988 жылдан З.О.Баймырзаев атындағы мектепте тарих пәні мұғалімі, 1993-1998 жылдарда  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 1998-2004 жылдарда оқу ісінің меңгерушісі, 2005-2012 жылдар аралығында мектеп директоры қызметтерін атқарды. Осы жылдарда ҰБТ қорытындысы бойынша З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп  жоғары деңгейде сапа көрсетті. 2009-2011 оқу жылдары Қазақстан тарихынан ҰБТ бойынша тапсырған мектеп түлектері 100%сапа көрсетіп, аудан мектептері арасында рейтингілік көрсеткіште бірінші орынды иеленді. Қазақстан тарихынан аудандық пәндік олимпиаданың  әділқазылар алқасының бірнеше жылдар тұрақты төрағасы, мүшесі болды. Ұзақ жылдар ұстаздық еңбегімде жас ұрпақты туған өлке тарихына қызығушылыққа тәрбиелеуде көмекші құрал ретінде «Маңғыстау тарихына арналған тестілер жинағы», «Маңғыстау ежелгі дәуірден ХХІ ғасырға дейінгі кезеңде» деп аталатын авторлық оқу бағдарламасы  мектеп, аудан, облыс көлемінде таратылды. Ұстаздық қызметінде 1997 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2003 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», 2012 жылы Облыс әкімінің «Алғыс хатымен», Нұр Отан ХДП-ның «Алғыс хатымен» Облыстық,аудандық білім бөлімінің марапаттарымен марапатталды.2012 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шықса да, ағай әлі де  ұстаздық қызметтен қол үзген жоқ.

Қызылөзен ауылы, тел:23898

Маңғыстау ауданы

35. 

Ертілеуов Аманқос

1942 жылы

Маңғыстау ауданы Таушық поселкесі Сартас жерінде 1009.1942 жылы туған. Еңбек жолын 1959жылы бастап аудан орталығындағы шоферлар дайындау курсында оқып бітірді.1960-1962жыл аралығында Кеңес армиясы қатарындағы борышымды өтеп келді. Ария қатарынан оралған соң аудан мекемелерінде қызмет жасады. Қызмет жасай жүріп 1967 жылы шахта орта мектебін сырттай бітірді. 1970-1981жылы аралығында Целиноград (Ақмола қаласындағы ЦФТ) Экономист-финансист мамандығы бойынша техникумды сырттай оқып бітірді.1966-1984жылдар аралығында Маңғыстау аудандық Советі атқару комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, аудандық физкультура-спорт комитетінің председателі.  1984-1987жылдары Маңғыстау облыстық «Сельхозхимия» мекемесінің бастығы,  1987-2001 жылдары маңғыстау аудандық отын базасының меңгерушісі. 2001-2006жылдар аралығында Маңғыстау аудандық мемлекеттік-комуналдық кәсіпорыны директорының орынбасары қызметінде болды. 12.01.2015жылы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне орналасты.

8701 493 74 49

36. 

Демеубергенов Рахмет

16.11.1947

1947  жылдың 16-қарашасында Бозащының Орта-Еспе ауылдық кеңесінің «Кәрі» қыстағында дүниеге келдім. 1965 жылы Таушық селосындағы Шахта орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы  қазақтың мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне түсіп, оны 1970 жылы бітіріп шықты. Жалпы Маңғыстау облысы бойынша ең алғашқы (бірінші) жергілікті жоғары білімді дәрігер-фармацевт (провизор) екенмін. 1970 жылдан 1996 жылға дейін 26 жыл бойы үзіліссіз мемлекеттік дәріханалар жекешелендірілгенше Маңғыстау аудандық орталық дәріхана басқармасының бастығы қызметін атқардым. Маңғыстау ауданының  барлық елді мекендерін өз қолымен ауылдық дәріханалар мен дәріханалық бөлімшелер ашып, халыққа және емдеу-профилактикалық мекемелеріне дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп қызмет көрсеттім.

  Денсаулық сақтау министрлігінен облыстық денсаулық, дәріханалар басқармасынан әлденеше рет мақтау қағаздармен марапатталдым. СССР Денсаулық сақтау ісінің үздігімін. Жоғары санаттағы провизормын. Мемлекеттік дәріханалар жабылған соң, 1996 жылдан бастап аудан орталығынан дәріханалар (жекеменшік) ашып, фармацевтік қызметімді күні бүгінге дейін жалғастырып, аудан халқын дәрі-дәрмектермен және дәрігерлік негіздегі басқа да заттармен қамтамасыз етіп, аудан халқына қызмет көрсетудемін.

37. 

Нәубетұлы Жамбыл

9.11.1939

Тұщықұдық ауылы ақсақалдар кеңесі төрағасы. Маңғыстау ауданы, Қарашағырда дүниеге келген. Шахта орта мектебін бітіріп, 1956-1961ж.ж. Орал пединституты тарих-филология факультеттерін бітірген.1961-1980 ж.ж. Ә.Жангелдин орта мектебінде директор, 1980-1983ж.ж. Жаңғабылов орта мектебінде директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған.1986-1989ж.ж. СССР халықаралық депутаттарының референді болды. ҚССР Халықағарту ісінің үздігі облыстық, аудандық Құрмет грамоталарын, Президенттің алғыс хаттарымен марапатталған.

Тұшықұдық ауылы

38. 

Тілегенов Санақбай

7.11.1939

Шайыр ауылы ардагерлер кеңесі төрағасы. Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген. 1958 жылы М.Горький атындағы орыс-қазақ аралас мектебін бітірген. Комсомолдық жолдамамен Мангышлак трестің геологиялық барлау партиясында моторист бұрғышы болып Қошақ, Өзенде жұмыс жасаған. Орал қаласында байланыс мамандығын оқып, радио байланыс саласында радист болған. Жұмыс жасай жүріп Гурьев педагогика институтының тарих факультетін оқып бітірген. Шайыр орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.1974,1977,1980 жылдары социалисттік жарыс жеңімпаз белгісімен, 1973,1974,1976,1982 жылдары аудандық облыстық  оқу білім грамотасымен марапатталған. Көп жылғы еңбегі үшін 1983 жылы ҚССР  халық ағарту ісінің озық қызметкері атағын алған. 2011 жылы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына орай төсбелгімен марапатталған. Қазіргі таңда Ұлыбау жерінде 2 га жеріне «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жеміс ағашын өсіруде.

Шайыр ауылы

39. 

Байпақов Шаймырза  Жаңайұлы

1949 жылы

1949 жылы дүниеге келдім. 1966 жылы Ақтау қаласында қазақ-орыс мектебінің  қазақ сыныбын бітірдім. Ақтау қаласының орта мектепті тұңғыш бітірген түлегімін.

  1966-67 жылдары Шетпе станциясының №471 сегізжылдық темір жол мектебінің 5-8 сыныптарына физика, химия, математика пәндерінен сабақ беріп, оқытушылық қызмет атқрдым. 1973 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Азаматтық және өндірістік құрылыс» факультетін бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алдым. Құрылыс мекемелерінде шебер учаске бастығы, ПТО инженері, бас инженері, мекеме басшысы болып, құрылыс  саласында 40 жылдам астам уақыт еңбек еттім.

  1977-78 жылдары Аудандық партия комитетінің «Өндіріс және транспорт» бөлімінің меңгерушісі  болып қызмет атқардым.  «СССР село құрылысының үздігімін». Қазіргі кезде зейнеткермін.

40. 

Нұрлыбаева Тұрарбек

15.10.1941

Ақшымырау ауылы ардагерлер кеңесі төрағасы. Түркімен ССР-ы, Мары облысы, Жолөткен районы, «Коммунист» ауылдық советінде туған. 1960 жылы Маңғыстау ауданы келіп,  Еңбек колхозында гражда слесарь болып жұмыс жасады. Таушық СПТУ жанынан оқып, жүргізуші куәлігін, Гурьев қаласындағы техникумының механика факультетінде оқып, техник-механик, техник-экплуатационник дәрежесінде арнаулы орта білім алды. 1969 жылы Бозащы совхозы ұйымдасқанда совхозда спорт инструкторы болып, одан кейін әдейі штаб бойынша комсомол мектебінің секретары болып сайланды. 1972 жылдан бастап аудандық мәдениет бөлімінде испектор, 1973 жылы автоклуб меңгерушісі, 1979 жылы совхозда гараж меңгерушісі, еңбек қорғау инженері жұмыстарын жасады және қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. 1971 жылы Маңғыстау ауданы Калинин ауылдық советінің депутаты, 1976ж. Қызан ауылдық советінің халық сотының заседателі, 1989 ж. Маңғыстау аудандық советінің депутаты қызметтерін атқарды.1990ж. «Еңбек ветераны», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалдарымен, Қазақстан жастар одағының 50 жыл құрметіне ҚССР жоғарғы советі президиумы грамотасымен,  «Жас малшылар мен механизаторлардың І-ші облыстық слетындағы көрнекі жұмыстары үшін», «Маңғыстау ауданы бойынша техника қауіпсіздігі жұмыстарында кемшілік болдырмағаны үшін», «Бозащы совхозы комсомол комитетінің сектретары ретінде жастарды тәрбиелеуде белсенді қызметі үшін» Құрмет грамоталарымен, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы. Маңғыстау облысына 35 жыл естелік төсбелгісімен марапатталған.

Ақшымырау ауылы

41. 

Итемген Орынбайұлы Орынбаев

18.06. 1938

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында колхозшы жанұясында дүниеге келдім. Ата, анам малшы болды.1959 жылы Тұщықұдық орта мектебін  бітіріп,сол жылы күзде әскен қатарына шақыртылдым.1962 жылы аға лейтенант  шенімен әскерден оралып КазГУ-дің заң факультетіне оқуға түстім.1965 жылы жоғарғы оқу орынын сырттай бөлімге ауысып,  1967 жылы ҚазГУ заң факультетінен заңгер мамандығын алып шықтым. Гурьев қаласында 1966 жылға дейін  Гурьев қалалық прокуратурасында  тергеуші қызметін атқардым. 1966 жылдан 1970 жылдың желтоқсан айына дейін Маңғыстау аудандық прокуратурасының тергеушісі болып қызмет еттім. 1969 жылы Ленинградтағы  Бүкілодақтық прокуратура тергеушілерінің  білімін жетілдіру институтын бітрідім.1970 жылдың желтоқсан айынан 1976 жылдың сәуір айына  дейін Маңғыстау аудандық сотының төрағасы,1976 жылдың сәуір айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Бейнеу аудандық сотының төрағасы,  1987 жылдың сәуірінен  1990 жылдың сәуір айына дейін Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы,1990 жылдың сәуірінен 1994 жылдың сәуір айына  дейін Жаңаөзен қалалық сотының судьясы,1994 жылдың сәуірінен 2002 жыл мамыр айына  дейін Маңғыстау аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдың мамырынан 2005 жылдың маусым айына дейін Маңғыстау аудандық сотының судьясы қызметтерін атқардым.  2005 жылдың маусым айында еңбек демалысына шықтым. 2005 жылдан бері  отставкадағы судямын.

Маңғыстау және Бейнеу аудандық кеңестерніңі депутаты, КБ аудандық комитеттерінің пленум мүшесі болып сайландым.

Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитетінің президумының,облыстық атқару комитеттернің, облыстық әділет басқармасының,облыстық  соттың бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, сот жүйесінің ардагері,  Әйтеке би, Үш би құрмет медалдары, Маңғыстау облысының 35 жыл, 40 жыл, Қазақстан Мұнайының 50 жыл төсбелгілерімен, ҚР-ның Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Президенттің Алғыс хатымен, ҚР Конституциясының 10 жылдығы, ҚР  Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталдым. ҚР журналистер одағының,  Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің  мүшесімін.

42. 

Сәрсенбаев Мизамбай

15.11.1937

Шебір ауылы ардагерлер кеңесі төрағасы. Гурьев облысы Маңғыстау ауданының Жыңғылды (Куйбышев) ауыл советінде туған. 1955 жылы Құлсары кентіндегі Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1960 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық  институтын математика, физика, сызу пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.1960-61 оқу жылында Ақшымырау Кальнин атындағы жетіжылдық мектепте мұғалім болған. 1961-2001 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін 1- Май сегізжылдық мектебінде, кейіннен Қаратөбе орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек еткен.1986 ж. ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, 1989 жылы «аға мұғалім» атақтарымен, 1997 жылы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2008 жылы «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Шебір ауылы

43. 

Машруков Нурсултан

25.05.1949

Маңғыстау ауданы Шетпе селосында туылды.

Еңбек жолымды 1965 жылы әкем қайтыс болғаннан кейін үйде жұмвс жасайтын ешкім болмағаннан кейін еңбек жолын ерте 1965 жылдан колхоздан бастады. Кейін 1968  жылы  армия  қатарына барып келгенсін 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін ауылшаруашылық казсельхозтехниканың автобазасында жүргізуші болып жиырма жыл жұмыс жасады. Кейін ол жұмыстан денсаулығыма байланысты шығып, обл. Потревсоюз жанындағы Шетпе автобазасының автокалонна бастығы болып 1991-1997жж жасадым.  Обл.потревсоюз тарап кеткеннен кейін 2000 жылы Қаражанбас кен орнында автобус жүргізушісі болып 2010 жылға дейін жасады. Сол мекемеде жасап жүріп ауырып ІІ-топтағы мүгедек болып жұмыстан қалды. Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасымның  келуімен қатардағы зейнеткер.

44. 

Түйебаев Жаңабай Базарбайұлы

14.10.1957

Өтес ауылы ақсақалдар кеңесі төрағасы. Түркменстан ССР-і Ташауз облысы Көнеүргеніш ауданында дүниеге келген.  1974 жылы Көнеүргеніш ауданындағы №1 орта мектепті бітіріп, Нөкіс қаласындағы «Гадромелиорация» техникумына оқуға түсіп, 1976 жылы Совет армиясы  қатарына шақырылып, 1978 жылы оқуды жалғастырып, 1980 жылы техник-гидротехник мамандығын алған. 1988 жылға дейін жұмыс жасап, сол жылы Бейнеу ауданына қоныс аударып, 1988 жылдан бері ҚТЖ Маңғыстау пайдалану депосында жұмыс жасап, қазіргі таңда Сай-Өтес стансасында Вагондарға техникалық қызмет көрсету орнында шебер болып жұмыс жасайды.

45. 

ЖайлаубайӨтелген Төребайұлы

15.08.1950

1957-1967 жылдар аралығында орта мектеп қабырғасында  оқыған. 1968 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек жолымды, аудан орталығы Шетпе селосындағы «Комхоз» мекемесінен бастады. 1969-1971 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында болды. 1971-1974 жылдарда кәсіптік білім алды. 1974-1984 жылдар аралығында аудадық жол мекемесі  ДЭСУ 302 – де жол  мастері, бас бухгалтер қызметтерін атқарды. 1984-1999 жылдар арасында аудандық тұтынушылар қоғамында бас бухгалтер, тексеру комиссияның төрағасы болды.  1999-2003 жылдары аудандық Қазынашылық мекемесінде бастықтың орынбасары  қызметін атқарды. 2003 жылдан «Мантеком» ЖШС –інде финанс менеджері болып, 2013 жылы зейнетке шықты.

Қарақия ауданы

46. 

Бишенов Аяпберген

15.12.1950

 Қарақия аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Маңғыстау ауданы Калинин колхозында малшы жанұясында өмірге келдім. 1957-1967 жылдар аралығында мектепте оқып, орта білім алып, 1967-1969 жылдары еңбекке араласып, қатардағы жұмысшы болып жұмыс жасадым. 1967-1971 жылдары Украина жерінде, Отандық борышымды атқарып, 1971-1973 жылдар аралығында Қарақия мұнай-газ барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі, коомсомол комитетінің хатшысы болып жұмыстар атқардым. Жанұя жағдайыма байланысты 1973 жылдың 3-ші қыркүйегінен бастап ұстаздық қызметке ауысып, сырттай Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін аяқтап жоғары білім алдым.  1985 жылдан бастап Құрық селосындағы № 6,1 мектептерде және кешкі сырттай жұмысшы жастар орта  мектебінде мектеп басшысы болып жұмыс жасап келемін. 1997-2000 жылдар арасында Құрық селосының әкімі, 2009-2011 жылдары аудандық «Бизнес центр» директорының орынбасары, директор болып жұмыс жасадым. Ұстаздық қызметіме 41 жыл, мектептерді басқарғаныма 25 жыл толып отыр. Жанұялымын, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірдім. Барлығы да жанұялы, жоғары білім алған мамандар.

Қарақия ауд. Құрық селосы 3а үй- 71 пәтер

Тел: 2-11-11, 2-11-55

Ұялы тел: 87758658918

47. 

Сражанов Сәрсен

12.12.1949

Қарақия аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары. 1941 ж  желтоқсан айының 12-сінде Маңғыстау ауданындағы Оңды аулсоветінде дүниеге келді. 1966 ж орта мектепті бітіргеннен кейін Өзен қаласында ЮМЕРНРЕ мекемесінде тракторшы болып жұмыс жасады. Содан кейін Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін 1971 ж бітірді. Студенттік жылдары кәсіподақ жұмыстарына араласып, студенттердің құрылыс отрядтарына басшылық жасады. 1971 жэ педагогиклық қызметін Маңғыстау облысындағы Жетібай кентінің №3 орта мектебінде бастады. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарды. 1978-84 ж осы мектептің директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 1982 ж қыркүйек-қазан айларында Орал қаласындағы педагогикалық институт жанындағы мектеп директорлайтын курстан өтті. 1984 ж қазіргі Қарақия ауданының Құрық кентінде мектепк директор болып тағайындалды. Содан екі жыл жұмыс жасағаннан кейін 1986 ж сол ауджандағы оқу бөлімінің инспекторы болып тағайындалды. 1987 Алматы қаласындағы Орталық институттан инспектор мен білім меңгерушісін дайындайтын курстан өтті. 1988 ж жанұясына байланысты қайтадан Жетібай кентіне көшті. Содан бері осы уақытқа дейін №3 орта мектептің директорының орынбасары болып жұмыс жасаған. 1991 ж  21 тамызда «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған.

Құрық кенті

48. 

Мырзабаев Базарбай

07.11.1949

Мұнайшы селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы. 1949 ж 7 қараша күні Маңғыстау ауданының Таушық поселкесінде дүниеге келген. 1966 ж Таушық поселкесіндегі Шахта орта мектебін бітірген. 1968-1970 ж Совет армиясының қатарында қызмет етіп әскери міндетін Герман Демократиялық Республикасында өтеген. 1970-1985 ж Маңғыстау облысының транспорт мекемелерінде жүргізуші болып жұмыс жасады. Жұмыстан қол үзбей жүріп 1984 ж техник- эксплуатационник мандығы бойынша  Нүкіс автомобиль- жол техникумын бітірген. 1985-1990 жылдары Жетібай технологиялық көлік басқармасында автоколонна бастығы болып жұмыс жасап жүріп, Ақтау қаласындағы политехниалық институтта сырттай оқып, 1994 ж бітіріп инженер-механик мамандығын алды. 

Мұнайшы селосы

49. 

Өтебаев Нұрым

1941 жылы

Сенек селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Сығынды ауыл кеңесіне қарасты Ақшұқыр жерінде дүниеге келді. 1949 ж Қолтық жерінде Бастауыш мектепке оқуға барды. 1954 жылдан бастап Тельман жеті жылдық ты бітіріп, сол жылы Форт-Шевченко қаласындағы Киров атындағы колхозда совет армиясы қатарында болды. Әскерден келген соң шоферлық курсты бітіріп, колхозда шофер болып жұмыс жасады. 1968 ж бастап гаражда слесарь, электрмен пісіруші, механик жұмыстарын жасады. 1982-1985 ж жұмысын жасап жүріп, Гурьев қаласындағы ауылшаруашылық техникумын техник-механик мамандығы бойынша сырттай бітірді. 1982 ж бастап Ералиев атындағы совхозда шеберхана меңгерушісі болып, кейннен 1989 ж бастап бас инженер болып, зейнеткерлікке шыққанша жасады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін совхозда техника қауіпсіздігін сақтау және еңбек қорғау  инженері болып 2004 ж дейін жұмыс жасады. Қазіргі уақытта серіктестіктің тері илеу цехында электрик болып жұмыс жасап жүр.

Сенек селосы

50. 

Жұмалиев Алпамыш

10.07.1937

Бостан селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы. 1937 жылы 10 Июль Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауыл Советінде өмірге келді. 10 жылдық мектепті 1955 жылы бітірді. Бір жыл техникалық училишеде красновофкс  қаласында оқып токарлық мамандық алды. 1956-1959 жылдары Совет Армиясының қатарында  болды. Армиядан кейін Маңғыстау ауданы , Ильич айындағы совхозда токарь болып жұмысты 1971 жылға дейін Селолық Советте хатшы болды. 1982 жылдан 1984 жылдары Совхозда Мастерской меңгерушісі прораб болып жұмыстар атқарды. Ал, 1984-1987 жылдары Қарақұдық Совхозында бас инженер, 1987 – 1997 жылдары кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс жасап Зейнеткерлікке шықты. Жұмыс жасаған уақытта алған марапаттары: «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Маңғыстау облысының 35 жылдығы.

Бостан селосы

51. 

Өткелбаев Сауамадин

01.01.1935

Құланды селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы.1935 жылы 1 қаңтарда Қарақия ауданы Жетібай кентінде туылған. Қазіргі

1943-1953 жж. Форт – Щевченко қаласы С.М.Киров атындағы орта мектепте,  1953-1954 жылдары Гурьев облыстық ауыл шаруашылық мектебінде оқыған.

1954-1956 жж. Совет Армиясы қатарында қызмет еткен. Бөлім командирінен 19 алғыс, саяси және әскери дайындықтардың үздігі деген мақтауға ие болған.1958-1963 жж. Гурьев ауыл шаруашылық техникумының мал дәрігерлік бөлімін бітірген.1958-1963 жылдары Ералиев атындағы колхозда малдәрігері, 1964-1965 жж. Шевченко атындағы Колхозда ферма басқарушысы,1969-1981 жж. ферма малдәрігері ферма басқарушысы.1981-1982 жж. Жаңаөзен қаласында малдәрігер учаскесінің меңгерушісі,1982-1984 жылдары Құланды софхозында ферма басқарушысы, 1981-1993 жж. Құланды селолық кеңесте 2 жыл селолық кеңес хатшысы, 6 жыл кеңестің төрағасы қызметтерін атқарып,1993-2000 жж. Жаңаөзен қалалық малдәрігерлік станциясының бастығы, мемлекеттік мал бас дәрігерлік инспекторы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шығып.

Маңғыстау ауыл шаруашылық басқармасының екі рет алғыс хатымен, еңбек ардагерлік медалімен,Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізу медалімен, Маңғыстау облысында 35 жыл медалімен, Маңғыстау Мұнайына 50 жыл медалімен, Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл  медалімен, Маңғыстау облысы әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталған. Қазір зейнеткер бола тұра Ақсақалдар кеңесінің төрағасы қоғамдық жұмысын атқарып келеді.

Құланды ауылы Е.Айшуақұлы № 38 үй

Ұялы/тел: 87022817570

ү/т:87293755017

Мұнайлы ауданы

52. 

Кушеров Амирхан

21.05.1940

Мұнайлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Көшеров Әмірхан Көшерұлы 1940 жылы 21 мамырда Туркменистан Республикасы Красноводск қаласы Балқан облысында туылды. Білімім жоғары, Куйбышев атындағы Самарқанд кооператив институтын товаровед мамандығы бойынша тәмамдады. Алғаш еңбек жолын 1959-1964 жылдары сатушы-кассир қызметінен бастадым. 1964-1966 жылдары дүкен меңгерушісі, 1966-1978 жылдары товаровед, завторг, директор общепит қызметтерін атқардым. Сондай-ақ 1978-1982 жылдары сауда орталығының меңгерушісі, О.Р.С-нің учаске бастығы болды.1982-1991 жылдары Р.З.К директоры, Р.К.З.Т төрағасының орынбасары қызметтерін атқардым. 1994-1995 жылдары қаржы бөлімінің ревизор қызметін, 1995-2005 жылдары Үш-құдық ауданы Әкімшілігінің азаматтар жиынының төрағасы болып жасадым. Сонымен қатар 1999-2004 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Новойи облысы Үш-құдық аудандық Советінің депутаты болдым. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. «Нұр Отан» ХДП – мүшесі. Мұнайлы аудандық филиалының «Ардагер бастауыш партия» ұйымы төрағасы.«Нұр Отан» ХДП Мұнайлы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі.«Мұнайлы ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау» жөніндегі комиссиясының мүшесі.Маңғыстау облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі.Республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталды.

Маңғыстау ауылы, 44/14,

87754197903

53. 

Аманжанов Амангелді

04.12.1947

Мұнайлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары. Туркменистан Республикасы Чарджоу облысы Каганович ауданы Искра колхозында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келді. Мектепке дейін ата-анамның тәрбиесінде болдым. 1955-1956 жылдары Репетек станциясындағы бастауыш мектепке оқуға барды. Бастауыш сыныпты 1959 жылы бітірген соң, Нәдірбелент деген жердегі 8-жылдық мектепті бітірді. 1964 жылы жанұяммен Шымкент облысы Жетісай ауданындағы Қызыл жұлдыз совхозының 5 бөлімшесіне көшіп келді. 1967 жылы сол жердегі  Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті өте жақсы бітіріп, Алматыдағы С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетіне оқуға түсті. Екінші курстан бастап, жанұя жағдайыма байланысты сырттай оқу бөліміне ауысып, ауылдағы бітірген мектебіме мұғалім болып орналасты. Содан соң сол мектепте 1975 жылға дейін жұмыс жасадым. 1975 жылы аудандық оқу бөлімінің шешімімен сол аудандағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және оқушылардың өндірістік мақта бригадирі болып ауысты. 1979 жылдан бастап мектеп директорының оқу тәрбие жұмысының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1985-1991 жылдары мектеп директоры болды. 1991-2010 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Сол жылдары ауыл ақсақалы сияқты қоғамдық жұмыстарды қоса атқарды.Қазақстан оқу ісінің үздігі. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және аудан әкімінің мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.2011 жылы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылы Ынтымақ елді мекені 30 үй 2 пәтерге көшіп келді.

87029607090

54. 

Кубайдолина Дилда

19.08.1948

Атырау облысы, Индер ауданы, Горы селосында дүниеге келді. 1966 жылы Елтай селосындағы Серанов Мұқалғазы атындағы орта мектепті бітірді. 1971-1976 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті факультетін тәмамдады. Алғаш еңбек жолын 1976-1978 жылдары Индер поселкесіндегі Ш. Уалиханов атындағы орта мектептен бастады. 1978-1986 жылдары Индер ауданындағы Гребежизек орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. 1986 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысы Маңғыстау станциясындағы орта мектепте мұғалімдік қызмет атқардым. 2014 жылдан бастап зейнеткерлікке шықтым. Еңбегім бағаланып алғыс хат және төс белгілермен марапатталды.

Маңғыстау ауылы

Тел:87025447348

55. 

Нурбаулов Аяпберген

10.07.1946

Туркменистан Республикасы Ташауыз облысының Көне үргеніш ауданында дүниеге келді. Москва колхозында колхозшы отбасында өсті. Әкесі – Богеров Нурбаулы, шешесі – Оңғаров Ұлболсын. 1952 жылы мектепке барды, 1959 жылы Көне үргеніш ауданының Андрев 7-жылдық мектебін бітірді. 1959 жылы Көне үргеніш ауданының Байрам – Таған колхозындағы №49 орта мектепке барып, 1963 жылы 11-сыныпты бітірді. 1963 жылдың 1 қыркүйегінде Чарджау қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1967 жылы тәмамдады. 1967 жылы Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанның Шоманай ауданының Мақтымқұлы орта мектебінде физика-математика пәні бойынша мұғалім болып жұмыс жасады. 1968-1969 жылдар аралығында Совет Армиясының қатарында қызмет етті. 1969-1977 жылдары Шоманай ауданының Титов орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. 2000 жылы Өзбекстан Республикасының «Еңбек даңқы» орденін алды. 2001 жылы зейнеткерлікке шықты. 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.

Маңғыстау ауылы,5 квартал №15 үй

Тел: 87753370846

56. 

Егізқараев Құлжан

1946 жылы

Туркменистан Республикасы Көне үргеніш қаласында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң, алғаш Алматы кейін Нөкіс қаласында оқып, пединституттың филология факультетін бітірді. Ұстаздық жолын Шоманай ауданында бастады. Хожелі қаласына көшіп келген соң, аудандық және қалалық халық білімдендіру бөлімінде жұмыс жасады. Сондай-ақ қосымша мұғалімдердің білім жетілдіру институтында сабақ берді. Хожелі қаласындағы Чкалов атындағы қазақ орта мектебінде және аудандық №26 қазақ орта мектептерінде директорлық қызмет атқарды. Жоғары санатты ұстаз болып, Оқу Министрлігінің бірнеше марапаттауларына ие болды: «Учитель – методист», «Отличник Просвещения СССР» т.б.2006 жылы Маңғыстау облысына қоныс аударды.

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы Қаламқас №101

57. 

Төлеуұлы Қаржау

29.12.1940

Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында өмірге келді. 1947-1957 жылдар арасында В.И. Ленин атындағы орта мектепті оқып бітірді. Одан кейін Атырау (Гурьев) қаласындағы ауылшаруашылық техникумын оқып бітіріп, Зоотехник, техник-механик мамандығын алды. Бұдан кейін Совхозда механик, зоотехник болып жұмыс жасады. 1974 жылдан бастап Маңғыстау ауданаралық сельхозтехника бірлестігінде жабдықтау бөлімінде жұмыс жасады. Одан кейін 1996 жылдан бастап, Маңғышлақ-мұнай бірлестігінде БУТТ мекемесінде жабдықтау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады. Қазіргі кезде зейнеткер. Қоғамдық негізде Мұнайлы ауданы ардагерлер ұйымында алқа мүшесі, кеңес мүшесі, Қызылтөбе селосы ардагерлер ұйымының төрағасы болып қоғамдық жұмыс атқарып жүр.

Қызылтөбе ауылы, Балауса көшесі 9/18

Тел: 441790

58. 

Махатов Еламан

03.07.1945

Тәжікстан Республикасы Вахш ауданы АК-газа ауыл советі 72-ші темір жол аялдамасында теміржолшы отбасында дүниеге келді. 1952 жылы Нариманов атындағы 7-жылдық мектепке барды. 1959 жылы 7 сыныпты бітіріп, 1959-1969 оқу жылында Жишкуль районына қарасты орта мектепте 11-сыныпты бітірді. Сол жылы Душанбе қаласы Т.Г. Шевшенко атындағы пединституттың математика факультетіне оқуға түстім. 1966 жылы оқуды бітірді. 1966-1967 жылдар Вахш ауданына қарасты №7 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа кірді. 1972 жылы Тәжікстан Республикасы, Сырдария облысы, Ақалтын ауылы №19 совхоз, №7 М. Улұғбек атындағы орта мектепке математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа кірді. Сол мектепте 1995 жылға дейін жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Жұмыс жасаған жылдары бірнеше мақтау қағаздар Өзбекстан халқ мариф озаты деген сыйлықтарға ие болды. 1980 жылы Жастар комсомолдар бригадасын басқарды. 2002 жылы отанымыз Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына көшіп келді. 2005-2012 жылдары «Горняк» саяжайында төраға болып жұмыс жасады. 2007 жылдан бері ардагерлер мүшесі болып жұмыс жасап келеді.

Атамекен ауылы №375 үй

Тел:87015820296

59. 

Сатгалиев Ибрагим

09.06.1944

Туркменистан Республикасы, Ташауыз облысы, Тақта районында туылды. Еңбек жолын 1968-2000 жылдары жүргізуші болып жұмыс жасаудан бастады. 2000 жылы Чарджау қаласынан Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына көшіп келді. 2005 жылдан бастап Досафта инструктор болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда зейнеткер.

Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві, уч №642

Тел:87026977894

60. 

Алдаберген Амандық

01.05.1940

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келді. 1959 ж үздік бітіріп, Орта Азиядағы Ташкент темір жол институтына оқуға түсті. 1959-1961 ж аралығында оқуды тәжірибе алу жұмысымен жалғастырып, еңбек жолын Ташкент Тепловоз Вагон жөндеу заводында , болат қорыту цехінің қалып жасаушысы болып бастады. 1964-65 ж Қазақ темір жолының Арыс депосында тепловоз жөндеуші, тепловоз машинисінің көмекшісі болып істедім. 1965 ж Ташкент темір жол институтын бітіріп, Павлодар қаласындағы «Павлодарстройпуть» мемекмесінде көмекші машинист болды. 1966 ж темір жол министррлігінің жолдасымен  Маңғыстауға келіп, «Мақат-Ақтау-Өзен» жаңа темір жол құрылысында


әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/