Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Білім саласы бойынша пайдалы ақпарат

25.05.2016
0

12 жылдыққа көшу бойынша өзекті мәселелер

Сұрақ: 12 жылдық білім беру моделіне көшу қалай жүзеге асырылады?

Жауап: 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 

2016-2017 оқу жылында 1 сынып оқушылары 12 жылдық білім беруге негізделген жаңа стандарт бойынша оқуды бастайды.

2017-2018 оқу жылында 2,5,7 сыныптарда, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8,10 сыныптарда, 2019-2020 оқу жылында 4,9,11 сыныптарда жаңа бағдарламамен оқу енгізіледі.

Сұрақ: 12 жылдыққа көшкенде мектепалды даярлық топтары бола ма, балалар 1 сыныпқа неше жастан қабылданады?

Жауап: мектепке дейінгі жастағы балалар үшін мектепалды даярлық топтары 2019 жылға дейін болады.

2019-2020 оқу жылынан бастап мектепалды даярлық топтары 1 сынып болып өзгереді және балалар 6 жастан бастап қабылданады.

1 сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етіледі.

Сұрақ: 12 жылдық білім беруге көшу үшін  педагог кадрлар  дайын ба?

Жауап: 2016  жылдың қыркүйек айына дейін облыс мектептеріндегі бастауыш сыныптарға сабақ беретін 1355 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курстардан өтеді.

2017-2018 жылы 2, 5, 7 сыныптарда 56 371 оқушы, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8,10 сыныптарда 79 261 оқушы, 2019-2020 оқу жылында 4,9,11,12 сыныптарда 86 153 оқушы жаңа стандартқа сәйкес білім алады.  


Үш тілде білім беруге көшу бойынша сұрақтар

Сұрақ: Үш тілде білім беруге көшу қандай бағытта жүзеге асырылады?

Жауап: Үштілде білім беруге көшу 2019-2020 оқу жылында жүзеге асатын болады және тек қана 10-11 сыныптарда, жаратылыстану-математикалық бағытында информатика, физика, химия, биология пәндері таңдау бойынша (2 пән таңдалады) ағылшын тілінде оқытылады.

2018-2019 оқу жылында 7 сыныптан бастап оқыту тіліне қарамастан «Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде,  «Дүниежүзі тарихы» пәні орыс тілінде оқытылады.

Сұрақ: Қазақ сыныптарында қазақ тілінде жүргізілетін пәндердің үлесі қандай болады?

Жауап: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дене тәрбиесі пәнін есепке алмағанда қазақ тілінде оқытылатын пәндердің үлесі 70%-ды құрайды. 

Ағылшын тілі және орыс тілі пәндері жеке пән  ретінде жүреді.

Сұрақ: Математика пәні қай тілде оқытылатын болады?

Жауап: Математика пәні барлық сыныптарда (1-11 сынып аралығында) мектептің оқыту тілінде жүргізіледі (қазақ мектептерде қазақша, орыс мектептерде орысша).

Сұрақ: Үштілде оқыту жүйесіне көшу барысында кадрмен қамтамасыз ету мәселесі қаншалықты шешімін тапқан?

Жауап: Үш тілде оқыту 2019-2020 оқу жылында енгізілетін болғандықтан, мамандар дайындау 2012 жылы басталып кетті. Биылғы жылы үш тілде оқыту жүйесі бойынша республикада дайындалған 3500 түлек жоғары оқу орындарын бітіреді деп жоспарлануда.

«Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты  2016 жылдың сәуір айында үш тілде оқытуды енгізіп жатқан мектептердің 21 мұғаліміне CLIL бағдарламасы бойынша курс ұйымдастырды. Сонымен қатар, облыстың тағы 44 мұғалімі мамыр айында осы бағдарлама бойынша біліктілігін арттырады.

Ағымдағы жылдың жаз айларында  мектептерде  пән мұғалімдерін  ағылшын тіліне үйрету курстары ұйымдастырылады.

Білім басқармасы мен Қазақстан-Ақтау телеарнасының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқытатын мұғалімдерге арналған «Тілашар» бағдарламасы жасақталып, 2016 жылдың сәуір айынан бастап эфирде көрсетілуде.


                             ҰБТ бойынша сұрақтар

Сұрақ: Облыс бойынша неше орта мектеп бар? Биылғы жылы бітірушілер саны қанша?

Жауап: Маңғыстау облысы бойынша мемлкеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны – 133, жеке меншік мектептер – 4. Күндізгі мектепте – 4573 (оның жеке меншік мектептегісі-12) бітіруші бар.

Сұрақ: Биылғы оқу жылында қанша «Алтын белгі» үміткерлері бар? Былтырғы жылы неше түлек «Алтын белгі» иегері атанды?

Жауап: 2016 жылы «Алтын белгі» үміткерлерінің саны -110. 2015 жылы  78 үміткердің 46-ы «Алтын белгі» иегері атанды.

Сұрақ: Биылғы оқу жылында түлектердің қаншасы ҰБТ-ға барады, қаншасы мемлекеттік емтихан тапсырады? Аталған емтихан түрлерінің айырмашылығы неде? ҰБТ тапсыра алмаған оқушы Қазақстанның ЖОО-на түсе ала ма?

Жауап: Бітіруші 4573 түлектің 3233-і ҰБТ тапсыруға арыз берді. 1340 түлек мектепте мемлекеттік емтихан тапсырады. ҰБТ-де 5 пәннен бір мезгілде тапсырып, сертификат алады және жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алады.

ҰБТ тапсырмаған немесе ҰБТ – ден шектік деңгейден өте алмаған түлектер техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне, шетелдік оқу орындарына түсе алады.

Сұрақ: Былтырғы жылғы статистика бойынша неше бала ҰБТ тапсырды, нешеуі – мемлекеттік емтихан тапсырды?

Жауап: Былтырғы 2014-2015 оқу жылында 4598 оқушының 2736-сы  ҰБТ-ға қатысып, 1862 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды.

Сұрақ: Биылғы жылы ҰБТ форматында өзгеріс бар ма?

Жауап: 2016 жылғы ҰБТ форматы өзгермейді.

Ағымдағы жылы алғаш рет  ҰБТ-ның барлық қатысушыларының жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылдың тамыз айында кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылады. Қайта тапсыру 2242 теңгеге ақылы негізде жүзеге асырылады.

Қайта кешенді тестілеуді сәтті тапсырған талапкерлер жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне қабылдана алады. 

Ал, қайта тестілеудің нәтижесі бойынша шекті деңгейдегі балл жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылдануы мүмкін. Олар бірінші семестрді ЖОО-да бірінші курстың  барлық студенттерімен бірге солардың бағдарламасын оқиды, сонымен бірге қосымша кешенді тестілеудің төрт пәнін меңгереді. Қаңтар айында олар қосымша кешенді тестілеу тапсырады. Қосымша тестілеуді сәтті тапсырғандар бірінші курстың екінші семестрінен қабылданады. 

Бұл шара ағымдағы жылғы мектеп бітірушінің жоғары білім алуына мүмкіндік береді. 

Сұрақ: ҰБТ-ға  кіргізу тәртібі өзгерді ме: металіздегіш мысал үшін?

Жауап: Кіргізу тәртібі өзгеріссіз қалдырылды.

Сұрақ: Аудиториялар қалай жабдықталған? Бейнекамера, дыбыс өшіргіштер бола ма?

Жауап: Облыс бойынша 4 ҰБТӨП-де (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өтетін пункттерде) ұялы телефондарды басатын қондырғылар, бейне бақылаулар және металды детекторлар орнатылады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде  56 ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыру құралдары, 90 бейнежазу камералары, 6 қолмен және 4 рамалы металіздегіштермен қамтамасыз етіп отыр, аудиториялар саны – 43 (4-і резерв).

Сұрақ: Биылғы жылғы ҰБТ –де шектік балл қанша? Неше кезең? Емтиханды қай күндері тапсырады?

Жауап: Ұлттық бірыңғай тестілеудің шектік деңгейі өткен оқу жылындағыдай – 50 балл.  ҰБТ 3,5,7,9 маусым күндері өткізіледі (Ақтау қаласындағы тест орталығында – 4 кезең, яғни 3,5,7,9.маусым күндері, Жаңаөзен қаласында 2 кезең,3,5 маусым күндері, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында 1 кезең, 3 маусым күні).   Мемлекеттік емтихандар мектепте 1-20 маусым аралығында өткізіледі.

Сұрақ: Апелляциялық комиссия құрамында кімдер болады? Апелляцияның жүру тәртібі қалай? Қалай апелляцияға беруге болады?

  Жауап: Аппелялиялық комиссия құрамы Білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына Мемлекеттік комиссия мүшелері және балалары ағымдағы жылы ҰБТ-дан өтетін тұлғалар кіре алмайды.
  Комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептері бойынша өтініштер қабылдайды және қарайды. 

  Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні саєат 14.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

  Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

Сұрақ: Қандай жағдайларда ҰБТ-ға қатысуға жіберілмейді? Былтыр мұндай жағдайлар орын алды ма?

Жауап: Жыл қорытындысымен үлгермеуші болған мектеп бітіруші түлек, ҰБТ-ның талап, ережесін бұзған оқушы ҰБТ-ға жіберілмейді. Өткен оқу жылында мұндай жағдай кездескен жоқ.

Сұрақ: Оқушы ҰБТ-ға келмей қалған кезде қандай жағдайлар себепті болып саналады?

  Жауап:Егер бітіруші жарақат алу, табиғи апаттар,  отбасы жағдайы, өтініш беру кезінде тестілеуді тапсыру тілін қате көрсету себептері бойынша тестілеуден өте алмау жағдайлары туындаған кезде, бітіруші қосымша тапсыруға мүмкіндік алады.

  Мұндай жағдайда, бітіруші Мемлекеттік комиссия төрағасының атына емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді.

   Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі.

  Бітірушіні қосымша отырғызу туралы шешім Мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді
 

 Сұрақ: ҰБТ-ны қайта тапсыруға бола ма? Болатын болса, неше рет?

Жауап: ҰБТ- ны қайта тапсыра алмайды.

Сұрақ: ҰБТ тапсырмаларының жауаптары қалай сақталады? Оларды кім және қалай жеткізеді? Тест тапсырушылардың жауаптарды ҰБТ-ға дейін біліп отырған кездері болды ма?

Жауап: ҰБТ тапсырмаларының жауаптары облыстарда сақталмайды. Оқушының жұмыстары сканерден өткізіліп, республикалық тестілеу орталығына жолданады. ҚР 1999 жылғы 15 наурыздағы №349-І «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына сәйкес құпия сақталады.

Сұрақ: Бітірушілер кешін тойлау туралы не айтасыз? Былтырғы жылы мейрамханаларға баруға тыйым салынған еді?

Жауап: Талап өзгерген жоқ. «Білім туралы» Заңның 48-бабына сәйкес білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік мектеп басшыларына жүктеледі. Сондықтан мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда тойлауға тыйым салынады.


әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info