Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі

04.11.2015
0

2008 жылғы 28 қаңтардағы № 5113 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 және "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 9-тармағы 9) тармақшасына және 2008 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі (1-қосымша);

2) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары (2-қосымша);

3) Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу программалары (3-қосымша);

4) Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні (4-қосымша).

2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын (5-қосымша).

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Төраға

Ғ. Әбдірахымов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі Төрағасының 
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 02-01-02/11 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі 
1. Жалпы ереже

1. Осы Ереже бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуда конкурсқа қатысушыларға; мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтарға; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарға; сондай-ақ аттестациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеуді өткізудің бірыңғай тәртібін белгілейді. 

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
үміткерлер - бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар;

мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;

кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтар;

қызметшілер - мемлекеттiк органның аттестациялық комиссиясы бекiткен, тiзiмге енгізiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлер;

уәкiлеттi орган - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері.

3. Тестiлеудi өткiзудің мақсаты – мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы заңнамаларын бiлуге, сондай-ақ үміткерлердің және қызметшілердің логикалық ойлау қабілетiне әдiл баға беру.

4. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған үмiткерлер, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн, сол программа бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

5. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған қызметшiлердің, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

6. Тестiлеудi уәкілетті органның тестiлеу әкімшілері (бұдан әрi - әкімшілер) өткiзедi. 
Уәкілетті орган тестілеуді өткiзу процесiн қамтамасыз ету үшiн басқа да мамандарды тартуы мүмкiн.

7. Уәкілетті орган тестілеуді мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізуді қамтамасыз етеді.

8. Тестiлеу компьютерде өткiзiледi.

9. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

10. Мемлекеттік органдардың кадр қызметі:

1) уәкілетті органға беру үшін тестілеуге келесідей мәліметтері бар тізімді даярлайды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған күні, ұлты, білім деңгейі, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда), мемлекеттік қызмет өтілі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі. Жеке мәліметтер жеке куәлікке (жеке куәліктегі тілге) сәйкес толтырылады;

2) тестілеуге тізім тестілеуге дейін бір күннен кешіктірмей беріледі;

3) үміткерлерді және қызметшілерді тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы хабардар етеді;

4) үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуге дер кезінде келуін қамтамасыз етеді.

2. Тестілеу рәсімі

11. Тестiлеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест және Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест.

12. Үміткерлердің және қызметшілердің өздерімен бірге жеке куәліктері (немесе паспорт) болуы тиіс. Жеке басын куәландыратын құжатсыз үміткерлер мен қызметшілер тестілеуге жіберілмейді.

13. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.

14. Тестiлеу басталғанға дейiн әкімші барлық қажеттi материалдарды дайындауы және тексеруi қажет.

15. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген үмiткерлер және қызметшілер бұл туралы тестiлеу басталғанға дейiн әкімшіге хабарлауы тиiс.

16. Логикалық тестін орындауға жiберiлген уақыт - 40 минөт, мемлекеттік тілді білуге арналған тестке – 20 минөт, заңнамаларды бiлуге арналған тестке тестілеу программасына қарай – 100 минөт (130 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ), 70 минөт (90 сұрақ), 55 минөт (70 сұрақ).

17. Тест келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест.

18. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады.

19. Тестiлеу уақытында үмiткерлердің және қызметшілердің сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған орын-жайдан шығып кетуiне болмайды. Қабылдаушы-таратушы электрондық құрылғылар (оның iшiнде жеке қалта компьютерлерi және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестiлеу кезiнде өшiрiлуi тиiс.

20. Тестiлеудi өткiзу кезiнде әкімшілер тестіленушілерді нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиiс.

21. Тестілеу әкімшілері осы Ережені бұзған үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуін тоқтатуға құқығы бар.

22. Компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.

23. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

24. Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 02-01-02/11 бұйрығына
2-қосымша

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтары, кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары

1. А-1, А-2, А-3, А-4 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді. 

2. В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді. 

3. А-5, В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді. 

4. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 02-01-02/11 бұйрығына
3-қосымша

Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi 
тестiлеу программалары

1. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

2. А-5, В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

3. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:

мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 02-01-02/11 бұйрығына
4-қосымша

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні

1. Логикалық тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді. 

2. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мән әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 50% және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бойынша барлық санаттар үшін кем дегенде 80 % дұрыс жауаптарды құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 02-01-02/11 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2291 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырдағы № 123-124 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 15 шілдедегі № 02-01-04/25 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2413 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамыздағы № 222-223 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "№ 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 13 ақпандағы № 02-01-02/17 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2709 тіркелген, 2004 жылғы 25 ақпандағы № 15 "Заң" газетінде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "№ 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 02-02-02/42 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы № 38 "Заң" газетінде жарияланған).

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуiрдегі № 02-01-02/60 "Бос әкімшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиiсті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердi тестiлеуді өткізу, нұсқау, тестiлеу программалары және тестiлеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекіту туралы" бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы" 2005 жылғы 5 мамырдағы № 02-01-02/59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3624 тіркелген, 2005 жылғы 11 мамырдағы № 100-101 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу ережесiн, программасын бекiту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігi төрағасының кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 19 мамырдағы № 02-01-02/65 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 тіркелген, 2005 жылғы 1 шілдедегі № 120 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған). 

әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/