Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Ереже

03.11.2015
0

Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 7 қазандағы №163 қаулысымен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі құрылып, 2008 жылғы 28 наурыздағы №227  Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік мекеменің атауындағы «Департамент» сөзі «Басқарма» сөзімен ауыстырылды. 2013 жылғы 17 сәуірдегі №115  Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен Басқарманың Ережесі келесі мәтінде жаңа редакцияда бекітілді.

                       

4-қосымша

                                                                                                                               Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы « 17 » сәуір № 115

қаулысымен бекітілген

 

«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е


Ұйымдық-құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)

Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық

Құрылтайшысы:  Маңғыстау облысының әкімдігі

Орналасқан жері:  Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

2013жыл 

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй. 

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление внутренней политики Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының миссиясы,

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мекемесінің миссиясы облыстағы этносаралық және конфессияаралық келісім саласында аумақтағы қоғамдық – саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының әлеуметтік оңтайлығын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) «Қазақстан 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) ішкі саясат саласында өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдарды, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу;

7) өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму  үрдістерін

зерделеу мен  талдауды  қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

17. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамсыздандыру  және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша, өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттық – идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де  шаралар  кешенін іске асыру;

3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (бұдан әрі – АНТ) өңірдегі қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара  іс – қимыл  жасауды жүзеге асыру;

7) «Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, облыс әкімінің және әкімдігінің жанында әрекет ететін кеңестер, комиссиялар мен басқа да консультативтік – кеңесші  органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтанушылық  және  саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;

9) өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу, шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын  есепке алу;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11) «Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша концептуалдық құжаттарды  облыс/қала  әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптама  жасауға қатысу;

12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен «Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) «Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базасын қалыптастыру, жинақтау,  қорыту және жіктеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға, «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс  әкіміне ұсыныстар енгізуге;

3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

4) өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

5) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге;

6) билік ету құқығынсыз, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің)  акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иеленуге және пайдалануға;

7) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

19. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының

қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің келісімі бойынша облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

23. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін

білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік

теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;

9) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10)   «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;

11)   белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;

12)   «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13)   «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа  жеке жауапты болады;

14)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

27. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мүлкі

28. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

29. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

32. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

33. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

34. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің келісімі бойынша облыс әкімдігімен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының

қарамағындағы ұйымдардың  тізбесі

1.   «Маңғыстау – Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

_____________________________

әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/