Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Жыл сайынғы «Жыл адамы» облыстық конкурсының Ережесі

02.11.2017
15:37
331

Жалпы ереже

1.  Осы ереже жыл жыл сайынғы «Жыл адамы» облыстық конкурсын (бұдан әрі қарай- конкурс).өткізу мен қорытындысын шығару және атағын беру тәртібін анықтайды

2.  Конкурсқа жалпы басшылық етуді конкурсты өткізетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі қарай – ұйымдастыру комитеті).

3.  Конкурсқа Маңғыстау облысында тұрақты тұратын және облыс аумағында орналасқан ұйымдық-құқықтық меншігі түріне қарамастан ұйымдарда қызмет атқаратын адамдар қатыса алады.

4.  Конкурсқа үміткерлерді ұсыну кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсынылған өтініштерімен жыл сайын  1 қарашасынан бастап 10 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

5.   Конкурсқа қатысуға әр үміткер бойынша өтінім ұйымдастыру комитетіне жолданады. Үміткерді конкурсқа қатысуға ұсынған уақытта ұйымдастыру комитетінің төрағасы атына мына құжаттар жолданады:

-  үміткер жөнінде мәлімет (аты-жөні, туған күні, айы, жылы);

-  мекеменің мекен-жайы көрсетілген жұмыс орны, атқаратын қызметі;

-  байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы);

-  үміткерді куәландыратын құжатының сериясы мен нөмері;

-  үміткердің негізгі жұмыс орнынан ұйым (мекеме, бірлестік, т.б.) басшысының қолы қойылған үміткердің жетістігі жөніндегі анықтама (мінездеме);

-  сараптау комиссиясы немесе ұжым жиналысы хаттамасының үзіндісінің көшірмесі және ұсыным.

6.  Конкурсқа келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

-  «Жыл мұғалімі»

-  «Жыл ғалымы»

-  «Жыл дәрігері»

-  «Жыл медбикесі»

-  «Жылдың Үкіметтік емес ұйымы»

-  «Жыл журналисі»

-  «Жыл спортшысы»

-  «Жыл полицейі»

-  «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»

-  «Жыл фермері»

-  «Жыл тәрбиешісі»

-  «Жыл жебеушісі»

-  «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері»

-  «Жыл мұнайшысы»

-  «Жыл құрылысшысы»

-  «Жылдың үздік тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметкері»

-  «Жылдың әскери қызметкері»

-  «Жыл кәсіпкері»

-  «Жыл танымы»

Үміткерлерді таңдау критерийлері

7.  Әр номинация бойынша жеңімпаз анықталады. Конкурсқа жеңімпазы дипломмен, естелік сыйлықпен, гүл шоғымен және 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталып, мына атақтар беріледі:

  «Жыл мұғалімі» - оқушыларды дайындауда үздік жетістіктерге жеткені, сабақ берудің техникасы мен әдісін жоғарғы дәрежеде меңгергені, сонымен қатар білім беруде  жаңа педагогикалық әдістерді, жаңашыл идеяларды, инновациялық технологияларды енгізгені, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, сонымен бірге облыстағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысқаны, жұртшылық пен азаматтық қоғам институттарымен белсенді жұмыс жасағаны үшін жалпы білім беретін оқу орнының қызметкеріне.

 «Жыл ғалымы» - өңірдің ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, өз саласы бойынша ашқан ғылыми жаңалығын облыстық, республикалық және әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығы мойындаған ғылыми қызметкерге.

«Жыл дәрігері» - өз саласында жетістіктерге жеткені, кәсіби деңгейі жоғары, Гиппократ антын берік сақтағаны, тұрғындар арасында жұқпалы, респираторлық ауру түрлерінің таралуы және бала мен ана өлімі көрсеткіштерін төмендету жұмыстарына ат салысқаны, медициналық қызмет көрсету сапасы мен мәдениетінің жоғарылығы үшін және жұртшылық мойындаған дәрігерге.

«Жыл медбикесі» - жоғарғы кәсіби деңгейі, медициналық қызмет көрсету сапасы мен мәдениетінің жоғарылығы үшін және жұртшылық мойындаған медицина қызметкеріне.

«Жылдың Үкіметтік емес ұйымы» - өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, өңірде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды өткізгені үшін және жұртшылық мойындаған  қоғамдық бірлестік басшысына немесе азаматтық қоғам институты өкіліне.

«Жыл журналисі» - облыстың тарихын, мәдениетін, ғылымын, әлеуметтік-экономикалық проблемаларын терең зерттей отыра, сонымен қатар жас ұрпақты ұлтаралық келісім мен бірлікке тәрбиелеуге бағытталған материалдарды жарыққа шығарған  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкеріне.

«Жыл спортшысы» - спортта отандық және әлемдік деңгейде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен спортшыға.

«Жыл полицейі» - өңірде қылмыстың төмендеуіне, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстардың алдын алуға және ашылуына қосқан жетістіктері үшін құқық қорғау органдары қызметкеріне.

«Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» - мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері, жоғарғы шеберлігі, шығармашылық үлесі, үздік қойылымдары мен орындаушылық өнері үшін және жұртшылық мойындаған  сала қызметкеріне.

«Жыл фермері» - ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуде, мал басын сақтау және көбейтуге, жұмыс барысында жаңашыл идеялар мен әдістерді енгізуде жоғары жетістіктерге жеткен ауыл шаруашылық маманына.

«Жыл тәрбиешісі» - тәрбиелеу процесінде жаңа педагогикалық әдістерді, жаңашыл идеяларды енгізіп, ата-аналар мен еңбек ұжымында беделге ие болған, облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген  мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісіне.

 «Жыл жебеушісі» - мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсеткені, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырғаны үшін жеке тұлғаға немесе әр түрлі түрлі ұйымдық-құқықтық және меншік түріндегі мекеме басшысына.

«Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» - тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына (зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, мүгедектер, жетім балалар және азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған топтары) сапалы қызмет көрсеткені үшін  және жұртшылық мойындаған әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз ету саласының  қызметкеріне.

«Жыл мұнайшысы» - (мұнайгаз және мұнай-химия кешені жұмыскері)-кәсіби қызметіндегі жетістіктері және мұнай мен газ өндіруді ұлғайтуға, оларды кешенді өңдеуге, өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал еткен жаңа технологияларды енгізгені үшін мұнайгаз және мұнайхимия саласының жұмыскеріне.

«Жыл құрылысшысы» - өңірдіңсәулет және құрылыс саласындағы  жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жетістіктері үшін  құрылыс саласының  жұмыскеріне.

«Жылдың үздік тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметкері» - өндірісті әзірлеп игерген, коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын жақсартатын едәуір тиімділік беретін еңбекті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін заманауи техника мен жаңа технологияларды енгізгені үшін. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарында құрал-жабдықтар мен объектілерді сенімді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткені үшін.

 «Жылдың әскери қызметкері» - Қазақстан Республикасы шекарасының әскери кауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және қол сұғылмауын қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін, әскери қызметті атқару кезіндегі кәсіби шеберлігі үшін, жан-жақтылық, тапқырлығы, көшбасшылық қабілеті үшін.

«Жыл кәсіпкері» - шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосқан, кәспкерліктің әртүрлі саласында жоғары көрсеткіштерге ие болған, адал бәсекелестік жүргізген, алдыңғы қатарлы және инновациялық технологиялар енгізген, жаңа жұмыс орындарын ашқан жеке кәсіпкерге немесе коммерциялық заңды тұлғаның басшысына (өкіліне).

«Жыл танымы» - өскелең ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрғындар арасындағы этникааралық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оңды имиджінің қалыптасуына әсер ететін әр түрлі салалардағы (білім, ғылым, мәдениет, өнер, экономика және т.б.) маңызды жобаларды іске асыру ісіне елеулі үлес қосқан әр түрлі саланың өкілдеріне немесе мекемелерге.

«Жыл танымы» номинациясы бойынша бірнеше жеңімпаз анықталуы мүмкін. Мұндай анықталған жағдайда ақшалай сыйлық теңдей бөлінеді.

Үміткерлерді ұсынудың мерзімі мен тәртібі

8. Үміткерлерді конкурсқа ұсыну тиісті жылдың 10 желтоқсанында аяқталады.

Номинациялар бойынша үміткерлерді ұсыну мерзімі туралы ақпарат үміткерлерді ұсынудан кемінде бір ай бұрын облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

9.  Барлық келіп түскен өтінімдер номинациялар бойынша топталады. Әр номинация бойынша үш үміткер анықталады (финалға шығушылар).  Сараптау комиссиясы қорытынды жасап, финалға жеткен кандидатураларды ұйымдастыру комитетінің қарауына ұсынады.

Өтінімдерді қорытындылау екі сатыда жүзеге асырылады.

10. Конкурстың бірінші сатысында әр номинация бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының өз саласында беделді және тәжірибелі мамандардан тұратын сараптау комиссиясы қарайды:

-  «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» номинациялары бойынша – Маңғыстау облысы білім басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша – облыстағы жоғары оқу орындарының және Маңғыстау облысының білім басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл дәрігері», «Жыл медбикесі» - номинациялары бойынша - Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы», «Жыл журналисі» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша – Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл полицейі» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің сараптау комиссиясы;

-  «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл фермері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сараптау комиссиясы;

-  «Жыл жебеушісі», «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл мұнайшысы»  номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының сараптау комиссиясы.

- «Жыл құрылысшысы» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің  сараптау комиссиясы.

- «Жылдың үздік тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жылдың әскери қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің сараптау комиссиясы;

- «Жыл кәсіпкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл танымы» номинациясы бойынша – Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының сараптау комиссиясы.

11. Конкурстың екінші сатысында ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша «Жыл адамы» конкурсының жеңімпазын анықтайды.

Әрбір өтінім жазбаша түрде дайындалады және келесі мәліметтерді қамтуы қажет: өтінімде ұсынылған номинация атауы, өтінім берушінің атауы, номинанттың атауы мен байланыс мәліметтері, және де номинант туралы қажетті өзге ақпарат. Номинациялық анкетасы және оның сипаттамасымен бірге номинантты таңдауда негіз болған кез келген құжаттардың көшірмелерін тапсыруға болады.

Номинанттардың барлық тапсырылған материалдары конфиденциалдық ақпарат деп есептеледі және тек қана ұйымдастыру комитеті мүшелеріне мүмкіндік беріледі.

Конкурс жеңімпаздарын таңдау бойынша ұйымдастыру комитетінің шешімі ақырғы.

«Жыл адамы» конкурс жеңімпаздары туралы барлық облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығып, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен ұйымдастырылатын «Жыл адамы» атағын беру салтанатты шарада жарияланады.

12. «Жыл адамы» конкурсы аясында форумды  ұйымдастыру мен өткізуге қажетті қаржылық шығыстар Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.




әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/