Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен!

07.03.2017
17:53
399

Құрметті ақ жаулықты әжелер!

Ардақты аналар, апалар! Аяулы қыздар!

Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз еліміздің нығайып, бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналуына ақ жаулықты аналарымыз, ардақты жеңгелеріміз бен қарагөз қыздарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы аян.

Облысымыздың даму жолында әйел-арулардың рөлі күннен күнге артуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізбен жасалып жатқан бар игілік пен жақсылықтар еліміздің баянды болашағының кепілі.

Осынау мерейлі мерекеде ақ тілектерімізді білдіре келе, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз! Шұғылалы көктемнің шуақты күндері жандарыңызға жайлылық, көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі биік болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Көктеммен қатар келетін мерекелік көңіл-күй жан дүниеңізді сергітіп, күш-жігеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Ізгі тілекпен,  

Маңғыстау облыстық

Ішкі саясат

басқармасының басшысы   З. Есбергенова


әлеуметтік жарнама

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Маңғыстау туралы анықтамалық-ақпараттық сайт http://www.mangystau.info
Медициналық сақтандыру қоры http://fms.kz/